• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі Асайын Байханов Аққулы ауданына барды

Облыс әкімі Асайын Байханов Аққулы ауданына барып, әлеуметтік нысандардың құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысын, инвестициялық жобалардың іске асырылуын тексерді, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті.
 
Тілектес ауылында өңір басшысы тұрғындармен мектеп салу перспективаларын талқылады. Сараптамалық қорытындыға сәйкес мектептің техникалық жағдайы мақсаты бойынша одан әрі пайдалану үшін жарамсыз деп танылды. Апатты жағдайдағы оқу орнын бұзып, жаңа мектеп салу туралы шешім қабылданды. Жер учаскесін таңдау және рәсімдеу жұмыстары басталды.
 
Одан кейін облыс әкімі облыстық бюджеттен бөлінген бонустық трансферт есебінен салынған Қызылқоғам ауылындағы шағын футбол алаңының сапасын тексерді.
 
«Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында Қарақала ауылы кешенді түрде жаңартылуда. Дене-шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы, «Айгөлек» балабақшасын күрделі жөндеу, жалпы ұзындығы 4,5 км болатын ауыл ішіндегі Теміржанов, Джанхотов, Арынов, Жабағин көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Дене-шынықтыру сауықтыру орталығының құрылысы аяқталуға жақын,  модульдік қазандық толығымен орнатылды. «Айгөлек» балабақшасында жұмыстардың жалпы көлемінің 75% орындалған.
 
Сондай-ақ, облыс әкімі Қарақала-Қазы-Баймолды автожолының 7,5 км және Аққулы-Қазы-Майқарағай жолының 7,5 км жөндеу жұмыстарымен танысты. Мұнда асфальт төсеу жұмыстары аяқталып, жолдарды абаттандыру жұмыстары басталды.
 
Биыл ауданда 33,9 км жолға орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда, оның ішінде 15 км - аудандық маңызы бар Қарақала-Қазы-Баймолды және Аққулы-Қазы-Майқарағай жолдары, жалпы ұзындығы 18,9 км болатын Қызылқоғам, Шарбақты, Тосағаш, Малыбай, Мерғалым ауылдарының  кіреберіс жолдары, Қызылқоғам ауылының Мүлікбаев көшесі.
 
Сондай-ақ, бонустық трансферт шеңберінде Бесқарағай, Тақыр, Қазантай, Майқарағай, Тосағаш, Шақа ауылдарында балалар алаңдары, Әйтей, Қызылқоғам, Тақыр, Тосағаш, Жабағылы, Шәмші ауылдарында шағын футбол алаңдары салынады.
 
Асайын Байханов аудан әкіміне әлеуметтік нысандардағы жұмыстардың мерзімдері мен сапасын бақылауды тапсырды.
 
Ауданды аралау барысында өңір басшысы 1200 бас асыл тұқымды мал және бақша дақылдарын өсірумен айналысатын «Қайрат» ШҚ-на барды. Шаруашылық бақша дақылдары бойынша тұқым өсіру мәртебесіне ие болды. Өнімді ұлғайту мақсатында ШҚ басшысы асқабақ тұқымын дайындау цехын ашты.
 
Сонымен қатар, облыс әкімі «Данекер» ШҚ ЖШС-нің 932 га алқапта суармалы жерді іске қосу бойынша инвестициялық жобаның іске асырылуын, сондай-ақ, қуаттылығы 2100 текше метр болатын сорғы станциясының, ЭБЖ және ұзындығы 10 км суды тарту құрылыс барысын тексерді. Жобаның жалпы құны 1,2 млрд. теңге, оның 800 млн. теңгесі меншікті.
 
Облыс әкімі аудан басшылығына ауданда іске асырылып жатқан жобаларға қолдау көрсетуді тапсырды.

  • 27.06.2024
  • 193
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика