• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімдігінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету және өңірдегі әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы талқыланды

Жиналыс басталар алдында Асайын Байханов демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды. Ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларды бақылауды күшейтуге шақырды.
- Барлық мүдделі мемлекеттік органдар осы бағыттағы іс-шараларды күшейтіп, бірінші кезекте ата-аналар мен балаларға түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жандандыруы қажет, - деді өңір басшысы.

Бірінші кезекте азық-түлік бағасы талқыланды. Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі төмендеуде. Пияз, картоп, қырыққабат, күнбағыс майының бағалары төмендегені байқалады. Сонымен қатар, статистика деректері бойынша макарон бағасының және 6 ауданда күріш бағасының шекті мәннен асуы тіркелді.

Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында 13,9 мың тонна өнім бар. Өңір басшысы тұрақтандыру қорынан өнімдерді алу жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқанын атап өтті.
- Барлық әкімдерге, ең алдымен, Тереңкөл, Павлодар, Ақтоғай және Шарбақты аудандарының әкімдеріне осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырамын, - деді облыс әкімі.

Жыл басынан бері барлық баға тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу комиссиясы 64 делдалды жойды.

Өнімдердің әрбір түрін талқылағаннан кейін облыс әкімі 15% сауда үстемесінің  сақталуын бақылауды күшейтуді, әр сенбі сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуді тапсырды.

Биылғы жылы бюджеттің барлық деңгейінен әлеуметтік нысандарды салуға 41,2 млрд. теңге қарастырылған. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 10 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде. Айдың соңына дейін 1-ші қалалық аурухананың А блогын және 6 операциялық кабинетін тапсыру жоспарланған.

Бекітілген кестеге сәйкес облыстық балалар психоневрологиялық орталығына арналған галереясы бар ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Білім беру нысандары бойынша да кестеден артта қалу жоқ. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодар қаласында 2 мектептің құрылысы жүргізілуде, Павлодар қаласының №34 мектебіне қосымша ғимараттың құрылысы басталды.
III тоқсанда теміржол колледжінің бұрынғы ғимаратын «Алтын сақа» оқушылар сарайы ретінде реконструкциялау аяқталады.

Биыл 14 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде: Ақсу қаласында мұз аренасы, Баянауыл ауылында спорт кешені, Успен және Қарақала ауылдарында дене-шынықтыру сауықтыру кешендері. Жұмыстарды III тоқсанда аяқтау жоспарлануда.
Ақсу, Ақтоғай және Павлодар аудандарында кестеден артта қалған нысандар бар.

Мәдениет саласында Баянауыл ауданының Ақши ауылында және Ақсу қаласының ауылдық аймағындағы Алғабас ауылында мәдениет үйлерінің құрылысы, сондай-ақ, Павлодар ауданы Береговое ауылының мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Өңір басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне, облыстың құрылыс басқармасына келісім-шарт міндеттемелеріне сәйкес 2024 жылғы нысандарды іске қосуды қамтамасыз етуді, бюджет қаражатын уақтылы игеру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

  • 27.06.2024
  • 191
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика