- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Облыс әкімі Асайын Байханов ауылдық ауруханалар мен емханаларға 39 медициналық жедел жәрдем көліктерінің кілттерін табыстады
Жаңа көліктерді Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Железин, Тереңкөл, Май, Шарбақты, Павлодар, Успен аудандарының орталық ауруханалары және Екібастұз қаласының №3 емханасы алды.
Жатып қалған науқастарды тасымалдауға арналған және медициналық көмек көрсету үшін қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталған арнайы медициналық көліктер шалғай ауылдарға жіберіледі.
- Өңірде жаңа санитарлық көліктер 2017 жылдан бері сатып алынбаған. Өткен жылы біз оны кезең-кезеңімен жаңартуды бастадық. 2025 жылға қарай облыстың барлық шалғай ауылдарындағы жедел жәрдем көліктерін 100% жаңартуды жоспарлап отырмыз, - деді өңір басшысы.
Бүгінгі күнге дейін ауылдық жедел жәрдем қызметінде 58 автокөлік болған. Биыл сатып алынған жаңа 39 көлікпен аймақтың санитарлық көліктермен жабдықталуы 84%-ға жетті. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті тағы 37 бірлік сатып алып, 100%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
- 27.06.2024
- 132