• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімдігінде 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту мәселелері қаралды

2024 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша өңірдегі барлық базалық макро көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105,9% деңгейінде тіркелді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі 105,7% құрады. Өңдеу секторында 8,5%-ға және электрмен жабдықтауда 4,4%-ға өсім байқалады. Бұл ретте тау-кен өндіру секторының қарқыны 0,1%-ға төмендеді.
Ауыл шаруашылығы саласының көлемі 84,2 млрд теңгеге, құрылыс жұмыстары 52,8 млрд теңгеге ұлғайды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 8%-ға артық.
Өңір экономикасына 247 млрд. теңге инвестиция тартылды. Өсу қарқыны - 105,3%.
 
Өңір басшысы экономиканың белгіленген өсу қарқынын сақтауды, макро көрсеткіштердің оң динамикасына қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне түйткілді мәселелерді пысықтап, 2 күн ішінде қабылданған шаралар туралы салалық басқармаларға ақпарат беру тапсырылды.
 
Азаматтарды МӘМС жүйесіне тарту туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Жангелді Шайымбетов баяндады.
 
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кризистік және шұғыл әл-ауқат деңгейі бар адамдарды сақтандыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. 28 наурыздан бастап әлеуметтік қамсыздандырумен қамтылмаған адамдардың тізбесін нақтылау жұмыстары басталды. Жеке тұлғалардың деректерін өзектендіру алгоритміне сәйкес жұмыстар азаматтардың үйлеріне қоңырау шалу арқылы олардың әлеуметтік мәртебесін көрсете отырып, әрбір жеке тұлғаға жеке нысанды толтыру арқылы жүзеге асырылады.
«Д» санаты бойынша сақтандырылмаған халықтың жалпы саны бүгінде 25 337 адамды құрады.
 
Облыс әкімі МӘМС қорына аударымдарды уақтылы жүргізбейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерге, сондай-ақ, «Үй шаруасындағы әйелдер» және «Жұмыс істемейтін адамдар» мәртебесі бар адамдармен жұмыстар жүргізуге назар аударды.
 
- Облыстың барлық аудандарында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту бойынша жұмыстарды қысқа мерзім ішінде жандандыруды және азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын. Халықты күрделі жөндеу нысандарына, дала жұмыстарына және басқа да бағыттарға барынша тарту қажет, - деді өңір басшысы.
 
Асайын Байханов жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қалалар мен аудандардың әкімдерімен бірлесіп 1 қыркүйекке дейін тұрғылықты жерін, әлеуметтік мәртебесін айқындау бөлігінде МӘМС жүйесіне «D» санатындағы адамдарды тарту жөніндегі жұмыстарды аяқтауды, ал, денсаулық сақтау басқармасына 5 шілдеге дейін азаматтарды нақты тұратын жері бойынша АМСК ұйымдарына бекіту жөніндегі жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

 

  • 27.06.2024
  • 190
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика