• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына барды

Қаланы аралау барысында өңір басшысы М. Жүсіп, 157 үйінің тұрғындарымен кездесті. Бұл үйде ПИК те, МИБ те жоқ  және өздеріне дербес қызмет көрсетеді. Тұрғын үйде 15 пәтерден тұратын 6 подъезд бар, әрбірінде жауапты адам бар. Тұрғындар әкіммен кездесуде үйді қалай күтіп ұстауға және қысқа қалай дайындалуға болатындығымен бөлісті. Олар қызмет көрсету үшін коммуналдық төлем жасамайды, подъездерді өздері тазалайды. Жылу беру маусымына дайындық, сондай-ақ, қажетті жұмыстар мақсатты алымдар арқылы жүзеге асырылады.

Алайда, барлық тұрғындар ортақ мүліктеріне осылай қызмет көрсетпейді. Екібастұздағы 702 көпқабатты үйдің 235-інде басқарушы ұйым жоқ. Кеншілер қаласының қала құраушы кәсіпорындарының көмегінің арқасында өткен жылу беру маусымына осы тұрғын үйлерді дайындау мүмкін болды. Биыл өңір басшысының тапсырмасы бойынша 175 үйге басқарушы компания тағайындалады, ал, ең күрделі 60 үй жергілікті биліктің бақылауында болады.

Сондай-ақ, өңір басшысы Сәтбаев көшесі № 3, 5, 7 үйлерінің аулаларын абаттандыру сапасын тексерді. Мұнда жолдарға асфальт төселді, жаяу жүргіншілер жолдары жасалды, ойын алаңын орнату жұмыстары басталды.
Екібастұздағы 279 ауланың 150-і абаттандыруды қажет етеді. Оларды үш жыл бойы кезең-кезеңімен жаңарту жоспарлануда. Биыл 50 аула ретке келтіріледі.
Тұрғындармен кездесуде облыс әкімі бірінші кезекте тұрғындары өз үйлеріне қызмет көрсететін, жылу беру маусымына жүйелі түрде дайындалатын, тазалық пен тәртіпті сақтайтын үйлердің аулалары абаттандырылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, өңір басшысы «Самрұқ-Энерго» АҚ сенімгерлік басқаруға қабылдаған Екібастұз ЖЭО-да болып, жаңа жылу беру кезеңіне дайындығын тексерді. Қазір станциядағы үш қазандыққа ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілуде, жұмыстарға 100-ден астам адам жұмылдырылған.

Ірі жылу магистральдарын реконструкциялау жалғасуда. Биылғы жылы жалпы ұзындығы 3,8 км болатын ЖМ-1 және ЖМ-3 жаңартылады. 5 шілдеден бастап құбырларды орнату жұмыстары басталады, оны тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Коммуналдық қызметтердің жұмысында гидравликалық сынақтардан кейін анықталған 33 ақау қалып отыр. Асайын Байханов жоғарыда аталған жылу магистральдарын реконструкциялау аймағына жататын 29 үйді қоспағанда, 10 күннің ішінде барлық анықталған ақауларды жоюды және екібастұздықтардың үйлеріне ыстық суды қосуды тапсырды.

Сондай-ақ, өңір басшысы қаланың барлық ағындарының 60% сорып шығаратын кәріз коллекторын реконструкциялау барысын тексерді. Бұл коллектор 50 жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген, бүгінде тозу деңгейі 90%-дан астам, 2,3 км желі апатты жағдайда.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі теміржол вокзалында болып, реконструкциялау жұмыстарының басталуымен танысты. Мұнда жылу, су, электрмен жабдықтау, кәріз жүйелерін, қасбетін, ішкі үй-жайларын толық жаңарту, шатырды ауыстыру жоспарланған. Теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сапар қорытындысы бойынша Асайын Байханов жергілікті билікке белгіленген кестені сақтай отырып, Екібастұзда жоспарланған барлық жұмыстардың сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

  • 28.06.2024
  • 197
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика