• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Тараз» кәсіпқой футбол клубының ойыншыларымен кездесіп, орталық стадионның жұмысымен таныстым

«Тараз» футбол клубы талантты, мықты футболшылардың ұстаханасы десек қателеспейміз. Өткен ғасырдың орта тұсынан бері біздің аймақтан аяқдоп шеберлері көптеп шығып, ел мерейін еселегені жұртшылық жадында. Бүгінде қасиетті Әулиеата топырағынан түлеп шыққан теңбіл доп шеберлері Қазақстанда ғана емес, шет мемлекеттерде де тартысты ойын өрнегін көрсетіп жүр.

Алайда, соңғы уақытта «Тараз» футбол клубының ертеңіне алаңдап, келешегін ойлаған жанкүйерлер тарапынан сын көп айтылады. Олардың барлығын негізсіз дей алмаймыз. Сондықтан талай аяқ доп шеберін түлеткен «Тараз» ұстаханасының тынысын кеңейтіп, бойына нәр жүгіртуге бар күш-жігерді жұмсау қажет.

Өздеріңізге белгілі, жақында «Тараз» футбол клубына жаңа басшылық келді. Клубқа жаңа леп, көзқарас, қарқын керек! Команданың әрбір ұстанымы темірдей тәртіпке негізделіп, жеңіске деген ұжымдық жігер, рух, намыс болуы тиіс.

Ең бастысы, клубтың даңқын, атағын қайтаруға, сақтап қалуға күш салу керекпіз. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасындағы футболды дамытып, ауылдағы талантты жастарды қолдау қажет. Бұл бағытта қолға алынған жұмыстарды жүйелі жалғастыру бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Кездесуге «Тараз» түлегі, бүгінде Түркияның «Бешикташ» клубында өнер көрсетіп жүрген Бахтиёр Зайнутди́нов қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ клубтың басшылық, әкімшілік құрамымен бірге бірқатар мәселелердің шешу жолдарын, алдағы жоспарларды талқыладық.

Талқылау барысында кездесіп отырған мәселелерді жүйелі әрі кешенді түрде шешуге басымдық берілді. Федерация филиалының жұмысын жандандыру, білікті мамандар тарту, бұқаралық футболды дамыту, аудан, ауылдық округтердегі стадиондарды реттеу, жергілікті жердегі жас таланттарды қолдау шаралары назарға алынды.

Сондай-ақ клубтың медиа-блогы арқылы ашықтықты, жариялылықты барынша қамтамасыз ету қажеттігі айтылды. Бұл «Таразға» қатысты көптің көкейіндегі көп сұраққа жауап береді. Бұдан бөлек, «Бақылау кеңесін» құрып, оған қоғам өкілдері мен футбол жанашырларын қатыстыру ұсынысы да қолға алынады.

Ал қаржылық мәселені рет-ретімен шешуде бірлескен жұмыстар жүзеге асып, бұл тұрғыда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің мүмкіндігін де тиімді пайдалануға көңіл бөлінеді.

Жалпы, жауаптыларға «Тараз» футбол клубын дамытуға қатысты кешенді жоспарлары жобаларды қамти отырып, арнайы тұжырымдама әзірлеуді тапсырдым.

Барша жамбылдық жанкүйерлердің атынан спортшыларға сәттілік тілеймін!

  • 28.06.2024
  • 219
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика