• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Ақтоты Райымқұлова Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған іс-шараға қатысты

Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен Қ.Мұңайтпасұлы атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған республикалық мектеп-интернат-колледжінде даңқты палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған іс- шара өтті.

Ақтоты Райымқұлова аты аңызға айналған тұлғаның мерейтойын Министрлік республикалық деңгейде атап өтуге дайындалып жатқандығын, арнайы іс-шаралар жоспары дайындалғанын айтты.

«Қажымұқан атамыз бар ғұмырын күрес өнеріне арнап, көзі тірісінде аңызға айналған. Кей деректерге сенсек, палуан бабамыз күрестің бірнеше түрінен 54 мемлекетте күресіп, 48 медаль олжалаған. Сонымен қатар Қажымұқан Мұңайтпасұлы ел есінде бозкілем төріндегі балуандығымен қатар, домбыра шертіп, ән салған сегіз қырлы, бір сырлы тұлға ретінде қалған. Батыр бабамыздың 150 жылдығы осы жылы республика аумағында атап өтіледі. Бүгін әлемді алаңдатқан пандемияға байланысты салтанатты ашылу рәсімін кең көлемде атап өту мүмкін болмай отыр. Десек те, бұған қарамастан бабамыздың 150 жылдығы лайықты, жоғары деңгейде мерекеленеді. Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімін ұлықтау, мәңгілік есте қалдыру мақсатында арнайы республикалық іс-шаралар жоспары әзірленді. Бүгіннен бастап республикамыздың барлық өңірінде түрлі іс-шаралар өткізіледі. Осы сәтті пайдалана отырып, баршаңызды бір кісідей атсалысуға шақырамын»,-деді министр.

Іс-шара аясында белгілі спортшы Сергей Цырульников, Тимур Сыпатаев секілді елімізге танымал спортшылар өнер көрсетті. Өз кезегінде Сергей Цырульников өткен ғасыр палуандарының мұрасын жаңғырту маңыздылығына тоқталды.

«Мерейтойдың мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына ата-бабаларымыз аманаттап кеткен қасиеттерді сіңіру. Өткен ата-бабамыздың мұрасын жаңғыртып, соның негізінде жастарды тәрбиелеуге болады. Сонымен қатар, елімізде бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортына аса мән беру маңызды. Сол жерден болашақ чемпиондар шығады. Министрліктің қолдауымен мен де осы бағытты дамытуды жоспарлап отырмын», - деді Сергей Цырульников.

Біздің анықтама:

Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды палуандармен күрескен.

  • 10.02.2021
  • 365
Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика