- Блогтар
- Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.
Алматы облысының әкімі
Кегенде оңалту орталығы жұмыс атқаруда
Алматы облысы Кеген ауданының орталығында «Үміт сәулесі» атты 18 жасқа дейінгі балаларға арналған оңалту орталығы жұмыс істеп тұр. Орталық Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауына сәйкес облыстағы «Қамқорлық» жобасының аясында ашылды. Нысан 25 балалға арналған. Жалпы Кеген ауданында 763 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 87-сі - бала. 29 балаға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Өткен жылы 1 топтағы 15 мүмкіндігі шектеулі азамат инватаксиді пайдаланып, 23 мүмкіндігі шектеулі азамат жеке көмекшімен қамтамасыз етілді. Ымдау тілі қызметінің маманын 3 адам пайдаланды. 81 адам міндетті гигиеналық құралдармен қамтылды. 46 адамға протез-ортопедиялық құрал берілген. 11 адам кресло-арбамен, 25 адам тифло-техникалық құралмен, 45 адам сурдотехникалық құралмен қамтамасыз етілді. 62 адам санаторлық-курорттық сауықтыруға жолдама алды.
- 10.02.2021
- 194