• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Таза Қазақстан»: 500 мыңнан аса жамбылдық экологиялық науқанға белсенді қатысты

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте «Таза Қазақстан» республикалық акциясының өңірде іске асырылу барысы талқыланды.

Басқосуда энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақов баяндама жасады.

Оның айтуынша, «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында облыста санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.

Соңғы мәліметтер бойынша 500 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға белсенді қатысқан. Оның ішінде, тұрғындар, ардагерлер мен жастар, ҮЕҰ өкілдері және түрлі мекеме қызметкерлері бар.

Акция басталғаннан бері 320 мың м² әуежай, теміржол, автобекеттер мен автобус парктерінің, 206 мың м² отын-энергетика кешендерінің, 108 мың м² емдеу орталықтарының, 508 мың м² оқу орындарының, 280 мың м² шағын және орта кәсіпорындардың аумақтары күл-қоқыстан тазартылды.

818 шқ канал мен арық жүйесі, 125 мың тұрғын үй ауласы және 4,5 мың шқ көше тазаланды.

60 мыңға жуық көшет отырғызылды. 2,4 мың ағаш бұталанып, 455 мың м² жасыл желек суғарылды.

Бұдан бөлек, 60 тарихи-мәдени ескерткіш пен 143 саябақ, сквер аумағына тұрақты түрде тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, 12 мың тонна қоқыс шығарылды. Тазалық жұмыстарына 910 бірлік техника тартылды.

Еске сала кетейік, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жауаптыларға «Таза Қазақстан» акциясы аясында екі аптада бір рет Тараз қаласы мен аудандардың санитарлық тазалық жағдайына зерделеу жүргізуді тапсырған болатын. Соған сәйкес басқарма басшысы жүргізілген мониторинг қорытындысы туралы баяндап, өткен аптада Жамбыл, Жуалы, Меркі, Мойынқұм, Қордай аудандары мен Жаңатас, Қаратау, Шу қалаларында бірқатар кемшіліктер анықталғанын жеткізді.

Ербол Қарашөкеев «Таза Қазақстан» акциясының іске асырылу барысына жүйелі түрде мониторинг жүргізіліп, қорытындысы апта сайын қаралатынын атап өтті.

- Қала мен елді мекендердің санитарлық тазалық жағдайы талапқа сай болуы қажет. Ол үшін әкімдер ауыл-аймақты жиі аралап, мәселені өз көзімен көруі тиіс – деген аймақ басшысы жұмысты күшейтіп, анықталған фактілерді жоюды тапсырды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

  • 11.07.2024
  • 171
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика