• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында 38 елді мекенге табиғи газ тарту жұмыстары жүруде

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жаңатас қаласындағы табиғи апат салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы ол кезекті аппараттық кеңесте айтты.

Жиында алдымен елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды. Бұл бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақов баяндама жасады.

Қазіргі таңда облыстағы 371 елді мекеннің 285-і немесе халықтың 91,1 пайызы табиғи газбен қамтылған. Биыл көрсеткіш тиісінше арта түседі.

Ғалым Исақовтың айтуынша, газға қосылмаған 86 елді мекенге талдау жүргізілген. Қазір 38 елді мекенге газ құбыры тартылуда. 13 елді мекенге жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп, бюджетке өтінім тапсырылған. 2 елді мекенге ЖСҚ дайындалуда. 33 елді мекенде халық санының аз болуына (200-ден төмен) байланысты газдандыру кейінгі жылдарға жоспарланған.

Басқосу барысында аудан әкімдері елді мекендерге газ тарту жұмыстарының барысын баяндады. Сонымен бірге білім, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары әлеуметтік нысандарды газбен қамту бойынша есеп берді.

Ербол Қарашөкеев жауаптыларға халыққа қолайлы жағдай жасау, тұрмысын жақсарту, оның ішінде көгілдір отынмен қамту өзекті мәселе екенін атап өтті. Әлеуметтік нысандарды газға қосу бойынша жеке талдау жүргізуді тапсырды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеде Жаңатас қаласындағы табиғи апаттың салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары қаралды.

Аталған мәселе бойынша Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытовтың хабарлама жасады.

Қазір бүлінген нысандарды техникалық тексеру, бағалау, шығын көлемін анықтау жұмыстары жалғасуда. Ол үшін арнайы 4 жұмысшы топ құрылған.

Облыс әкімі қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі ұйымдастырып, сапаға жіті көңіл бөлуді тапсырды.

- Бізде уақыт тығыз. Шығындарды есептеу жұмыстарын ұзаққа созбағанымыз жөн. Бір жарым айда күз келіп, күн суытады. Зардап шеккен отбасылар далада қалмауы қажет. Аудандағы ахуал менің жеке бақылауымда – деген Ербол Қарашөкеев аудан әкіміне халыққа қолдау көрсетіп, тұрақты кері байланыста болуды тапсырды.

  • 17.07.2024
  • 162
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика