• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Налибаева Г.К.
Налибаева Г.К.

«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында электр энергиясын өндірудегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 6,5%-ды құрады

Қазақстанның энергетикалық кешенін дамыту векторларының бірі ретінде соңғы жылдары жаңартылатын энергия көздері позициялануда.

ЖЭК дамуын мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында 2009 жылдан бастап бекітілген.

Жалпы, соңғы жылдары әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, ЖЭК секторындағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша, сондай-ақ ЖЭК дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдауға бағытталған мемлекеттік саясатты белсенді жүргізу жолымен елеулі қадамдар жасалғанын атап өтуге болады.

Қазіргі уақытта республикада белгіленген қуаты 2 903,7 МВт болатын 148 ЖЭК нысаны (100 кВт-тан жоғары) жұмыс істейді:

– қуаттылығы-1 409,55 МВт жел электр станцияларының 59 нысаны;

– қуаттылығы-1 222,61 МВт күн электр станцияларының 46 нысаны;

– қуаты 269,785 МВт болатын 40 су электр станцияларының нысаны;

– қуаты 1,77 МВт болатын биогаз электр станцияларының 3 объектісі.

2024 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша жаңартылатын энергетика объектілері өндірген электр энергиясының көлемі 3,896 млрд. кВт/сағ (ЖЭС – 2325 млн. кВт/сағ; КЭС-974,9 млн. кВт/сағ; СЭС – 595,36 млн.кВт/сағ; БиоЭС – 0,43 млн. кВт/сағ құрады) немесе электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 6,47%.

ҚЕАО-мен жасалған шарттарға сәйкес қуаттылығы 1 231 МВт болатын 50 ЖЭК жобасын пайдалануға беру жоспарлануда.

2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы белгіленген қуаттылығы 495,57 МВт 16 ЖЭК объектісі пайдалануға берілді: Ақмола облысы мен Жетісу облысында жалпы қуаттылығы 437,1 МВт 12 ЖЭС, Алматы және Түркістан облыстарында жалпы қуаттылығы 3,7 МВт 2 СЭС және Түркістан облысында қуаттылығы 54,77 МВт 2 КЭС.

2018 жылдан бастап ЖЭК жобаларын іске асыру үшін іріктеу аукциондық тетік бойынша өтеді. Бұл бір жағынан жобалар мен инвесторларды іріктеу процесін ашық әрі түсінікті етуге, екінші жағынан ЖЭК қуатын енгізуден соңғы тұтынушылардың тарифтеріне әсерін барынша азайтуға мүмкіндік беретін неғұрлым тиімді технологиялар мен жобаларға ставка жасауға мүмкіндік берді.

2018 - 2023 жылдардағы аукциондық халықаралық сауда-саттық жиынтық қуаты 3255 МВт ЖЭК жобалары үшін электрондық форматта өткізілді.

Сауда-саттыққа 13 елден 260-қа жуық компания қатысты: Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Германия, Франция, Болгария, Италия, БАӘ, Нидерланды, Малайзия, Испания, Сингапур.

2018-2022 жылдардағы аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша 70 компания 1699 МВт жиынтық қуатына 15-20 жылға ЖЭК электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен (ҚЕАО) келісімшартқа қол қойды.

2023 жылғы аукциондардың қорытындысы бойынша белгіленген қуаттылығы 757,2 МВт болатын 38 жеңімпаз компания анықталды, олар ЖЭК электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен (ҚЕАО) ұзақ мерзімді шарт жасасуға құқылы.

Ақпарат көзі: ҚР Энергетика министрлігі

  • 24.07.2024
  • 214
Налибаева Г.К.

«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС Бас директоры

Налибаева Г.К.
(Мұрағат)

«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика