• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев Д.И.Менделеев атындағы РХТУ-дың өкілдерімен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің (РХТУ) делегациясымен кездесті. Басқосуға басқарма басшылары, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен «Қазфосфат» ЖШС-ның өкілдері қатысты.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ базасында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалын ашу көзделген. Бұл бойынша Д.И. Менделеев атындағы РХТУ, М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ және «Қазфосфат» ЖШС арасында кадрларды бірлесіп даярлау туралы үшжақты келісімге қол қойылған болатын.

Қазіргі таңда ресейлік университеттің филиалы орналасатын ғимаратқа жөндеу жұмыстары басталды. Оқу орнында 55 аудитория бар, оның ішінде 7-і лаборотория қарастырылған. Оқу корпусы білім беруге қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтылады. Жалпы бұл жұмыстар тамыз айының соңына дейін аяқталмақ.

Ербол Қарашөкеев химия өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, салаға қажетті кадрларды даярлау мәселесіне көңіл бөлді. Сондай-ақ өңірдің әлеуеті мен мол мүмкіндіктерін кеңінен тарқатып айтып берді.

- Жамбыл облысы химия өнеркәсібінің локомотиві десек қателеспейміз. Жақын арада мыс концентратын өндіруге қуатты тағы бір ірі кәсіпорын іске қосылды.

Алдағы төрт жылда құны 2,5 трлн теңгені құрайтын 70 инвестициялық жобаны іске асыруды көзделуде. Инвесторлармен бірге жергілікті жоғары оқу орындарында білікті кадрларды даярлап, оларды жұмысқа қабылдауға күш салатын боламыз, – деді Ербол Қарашөкеев.

Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті жамбылдық студенттерге білім беруді бастап кетті. Өткен жылы «Қос дипломды» білім беру бағдарламасы бойынша 7 студент Мәскеуде білімін шыңдап, оқуын сәтті аяқтады. Сонымен бірге «Қазфосфат» ЖШС-ның қызметкерлері де университет базасында білімдерін жетілдіруде.

Биыл қыркүйекте аталған оқу орнының өңірдегі филиалы 30 студентті қабылдап, химия өнеркәсібінің кадрларын даярлауды бастайды. Алдағы жылдары білім алушылардың саны 300-400-ге жетеді деп күтілуде.

- Біздің ұзақмерзімді ынтымақтастығымыз одан әрі арта түсетініне сенімдімін. Әріптестерімізбен барлық мәселелерді оңтайлы шешіп, жаңа оқу жылында студенттерді қабылдауға ниеттіміз, – деді Д.И.Менделеев атындағы университет ректоры Илья Воротынцев.

Басқосуда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры меморандум аясында қолға алынған жұмыстарды баяндады.

Сонымен бірге Д.И.Менделеев атындағы РХТУ өңірлік филиалының директоры Ирина Фарафонтова да сөз алып, облыстық әкімдікпен бірлесе білім беру бағдарламаларының ауқымын кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.

Айта кетейік, РХТУ-дың өңірлік филиалында білім алған студенттер инженер-химик, химик-технолог, биотехнолог, зертханашы және зерттеуші мамандықтары бойынша жұмысқа орналаса алады. Бұдан бөлек, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларда жұмыс істеуіне мүмкіндік бар.

  • 25.07.2024
  • 166
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика