• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТАТАРСТАН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТАДЫ

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Татарстан Республикасы Олимпиада кеңесінің төрағасы Марат Бариевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар спорт саласындағы ынтымақтастықты, алда өтетін халықаралық жарыстарды талқылады.

Министр Қазан қаласы халықаралық жарыстарды жоғары деңгейде ұйымдастырғанын, сондай-ақ БРИКС ойындарында Қазақстан құрамасы сапынан 114 спортшы 16 спорт түрінен қатысқанын атап өтті. Әңгіме барысында Ермек Маржықпаев Париждегі жазғы Олимпиадаға және күзде елімізде өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына ерекше назар аударды.

«Қазақстан мен Татарстанның спорт саласындағы ынтымақтастығы спортшыларымыз үшін жаңа көкжиектерге жол ашады. Біз тәжірибе алмасуда және халықаралық жарыстарға бірлесіп дайындалуда зор әлеуетті көріп отырмыз. Бұл бізге аталған салада үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді», - деді Ермек Маржықпаев.

Сондай-ақ министр Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ресей құрамасы спорттың барлық түрі бойынша қатысатынын және 200-ге жуық спортшы келетінін ресми хабарлады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Татарстан спортшылары спорттың 6 түрінен (алыш, аударыспақ, ашыртмалы аба гюреши, қазақ күресі, корэш, кураш) бақ сынайды.

Кездесу соңында министр қыркүйекте Астанада өтетін көшпенділер додасында Татарстан спортшыларының сәтті өнер көрсетуіне тілектестік білдірді.

  • 25.07.2024
  • 151
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика