• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысы бірінші жартыжылдықта бюджеттің орындалуы бойынша көш басында

Облыс әкімдігінде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, биылғы жылдың 6 айындағы бюджеттің орындалуы және өңірдегі фитосанитарлық жағдай мәселелері қаралды.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша барлық базалық макро көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор – 103,5% құрады. Нақты көлем индексі 102,5% жетті.
Өңдеу секторында 7,4%-ға және электрмен жабдықтау саласында 2,7%-ға өсім байқалады. Ауыл шаруашылығы саласының көлемі 4,7%-ға ұлғайды. Өңір экономикасына 395 млрд. теңге инвестиция тартылды. Өсім қарқыны – 114,8% құрады.

Облыс әкімі Баянауыл ауданы бойынша «Майқайың-алтын» АҚ және «Майкубен-Вест» ЖШС есебінен төмендеген динамикаға назар аударды.

Өңір басшысы жоспарлы көрсеткіштерге талдау жүргізуді және макрокөрсеткіштердің өңірлік бөлінісін келісуге енгізуді тапсырды.

1 шілдедегі жағдай бойынша облыс бюджетіне 186,1 млрд. теңге (жоспар бойынша - 177,4 млрд. теңге)  көлемінде кіріс кірді.  Бюджеттің орындалуы 104,9% құрады. Кіріс жоспары 8,7 млрд. теңгеге асыра орындалды. Аумақтық бөліністе меншікті кіріс жоспарлары барлық аудандарда орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсімі 30,3 млрд. теңгені немесе 119,4% құрады.
Облыс бюджетінің жоспарланған 260,9 млрд. теңге шығындары 260,9 млрд теңгеге игеріліп, 100% құрады. Бірінші жартыжылдықтағы бюджеттің орындалу көрсеткіштері бойынша облыстар бөлінісінде өңір 1 орынға тұрақтады.

Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 116,7 мың га алқапқа шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жүргізіліп, 100% орындалды. 173,5 мың га алқапқа арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Омбы, Новосібір облыстарының және Алтай өлкесінің 13 ауданымен шекаралас аумақтардағы 55,5 мың гектарға мониторингтік тексерулер  жүргізілді.
 
Карантинге жатқызылған өнімді өткізу кезінде фитосанитариялық талаптарды бұзғаны үшін 113 бұзушылық анықталып, 12,6 млн. теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Өңір басшысы аумақтық инспекцияға, фитосанитариялық диагностика және болжау орталығының облыстық филиалына 2025 жылы химиялық өңдеудің болжамды көлемі үшін егістіктердің «септариоз», «тот» ауруларымен ластануына, жұмыртқа салу кезеңінде шегіртке зиянкестеріне уақтылы тексеру жүргізуді, сондай-ақ, Ресеймен және ҚР облыстарымен басқа да шекаралас аудандарда фитосанитариялық жағдайды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

  • 25.07.2024
  • 168
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика