• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
ЖАЗҒЫ ОЛИМПИЯ ОЙЫНДАРЫ-2024: ҮШІНШІ ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕСІ

Нысана көздеу. Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеудің финалында Александра Ле 6-орынға тұрақтады. Отандасымыз шиеленіске толы 165.4 ұпай жинады.
Пневматикалық тапаншамен 10 метрден нысана көздеуде Қазақстан құрамасы 11-сатыдан көрінді. Олар іріктеуде 575 ұпай жинап, 11-нәтиже көрсетті.

Семсерлесу. Семсерлесуші Әйгерім Сарыбай Олимпиаданың 1/16 кезеңде жарыс қожайыны франциялық Манон Брюнеден (Токио Олимпиадасының күміс және қола жүлдегері, әлем чемпионы) жеңіліп қалды. Есеп – 12-15.

Садақ ату. Садақ атудан командалық сында Қазақстан құрамасы 1/8 айналымда Италияға 4-5 есебімен жол берді. Кездесуде біздің мергендер 0-2 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын теңестірді (2-2). Алайда шешуші сәтте қарсыластар дәлдік танытты.

Академиялық ескек есу. Академиялық ескек есуде Владислав Яковлев Париж Олимпиадасында E/F1 тобының жартылай финалында мәреге бірінші жетті. Ол жарыс жолын 7 минут, 26.20 секундта бағындырды.

Дзюдо. Дзюдошы Данияр Шамшаев (73 кг) алғашқы белдесуінде Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионатының қола жүлдегері (2023) Муроджон Юлдошевқа (Өзбекстан) есе жіберді.

Жүзу. Әйелдер арасында 100 метрге шалқалай жүзуде Ксения Игнатова өз тобында мәреге екінші болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 1:02.51 секунд. Алайда жалпы есепте 26-орыннан көрініп, жартылай финалға шыға алмады.

Теннис. Теннистен ерлер арасындағы жұптық бәсекеде Александр Бублик пен Александр Недовесов алғашқы айналымда бразилиялық Тьяго Монтейро мен Тьяго Сейбот Уайлдтен екі сетте 4-6, 4-6 есебімен жеңіліп қалды.

Бадминтон. Бадминтоншы Дмитрий Панарин екінші матчта Брайан Янгтен жеңіліп, топтық кезеңнен шыға алмады. Канадалық спортшы 0-2 (18-21, 10-21) есебімен жеңіске жетті.

Үстел теннисі. Үстел теннисінен Ұлттық құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасының 1/16 айналымында Дан Цюдан жеңісті жұлып алды. Отандасымыз бен германиялық ойыншы арасындағы матч 4-3 есебімен аяқталды.

Бокс. Ұлттық құраманың ең жас спортшысы Мұхамедсабыр Базарбайұлы 1/8 финалда Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Чу Ен Лайдан 3:2 есебімен басым түсті.

Ал Қамшыбек Қоңқабаев испан боксшысы Айюб Гадфа Дриссиден жеңіліп, Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады.

Олимпиаданың үшінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар.

 

  • 30.07.2024
  • 158
Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика