• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
ЖАЗҒЫ ОЛИМПИЯ ОЙЫНДАРЫ-2024: БЕСІНШІ ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕСІ

Үстел теннисі. Үстел теннисінен Ұлттық құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко 1/8 финалда Мысыр спортшысы Омар Мұхаммади Ассардан жеңіліп қалды. Есеп: 2-4 (11-8, 11-6, 10-12, 10-12, 9-11, 3-11).

Стенд ату. Стенд атудың трап бағдарламасының іріктеу кезеңінде бақ сынаған Мария Дмитриенко 120 ұпаймен 10-орыннан көрініп, финалға шыға алмады.

Бокс. Махмұд Сабырхан (57 кг) алғашқы жекпе-жегінде Испания өкілі Хосе Кильес Бростонсқа жол берді. Үш раундтан кейінгі төрешілер есебі: 1-4.

Валентина Хальзова Париждегі алғашқы жекпе-жегінде Атейна Билонға (Панама) жол берді. Төрешілер есебі: 1-4. Енді ширек финалда Атейна Польша/Ирландия өкілімен күш сынасады.

Нысана көздеу. Винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуден ерлер арасындағы іріктеуде ұлттық құрама қоржынына алғашқы жүлдені салған Ислам Сәтпаев 588 ұпай жинап, 18-сатыға тұрақтады. Ал Константин Малиновский 586 ұпаймен 25-орыннан көрінді.

Триатлон. Екатерина Шабалина триатлоннан сынға түсіп, мәреге дейін жете алмады. Ол Сена өзенін жүзіп өткенімен, велосипедпен 3 шақырымдай жүрген соң сайыстан шығып қалды.

Спорттық гимнастика. Спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы көпсайыстың финалында бақ сынаған Милад Карими жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Ол алты жаттығуда 76.065 ұпай жинап, 24-орыннан көрінді.

Олимпиаданың бесінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар.

  • 01.08.2024
  • 144
Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика