• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.

Батыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
БҚО Бөрлі ауданында су тасқынан зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі 100 пайыз шешілді

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырған болатын. Осы орайда көктемгі су тасқыны салдарынан Бөрлі ауданы бойынша барлығы – 126 үй апатты деп танылды. Соның ішінде 66 тұрғын үй иелері үшін пәтерлер сатып алынып, қалған 60 үй иелері үшін тұрғын үй құрылыстары жүргізілді.

Нәтижесінде Ақсу ауылында – 23, Кеңтүбек ауылында – 11, Пугачев ауылында – 12, Аралтал ауылында – 14 тұрғын үйдің құрылысы үстіміздегі жылдың 22 мамыр күні басталып, жоспарға сәйкес 1 тамызға дейін аяқталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға заң аясында тиісті көмектер көрсетілуде. Бүгінде тұрғындарға 100 АЕК біржолғы әлеуметтік көмек және дүние-мүліктері үшін 150 АЕК төлемдері толығымен өтелді.  Сонымен қатар су тасқыны зардабын тигізген үйлердің 90 пайызынан астамына тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы берілді. Кеше ғана үйлерінен айырылып, қапыда қалған тұрғындар бүгін жаңа баспанаға ие болып жатыр. Қазіргі таңда облысымызда мыңнан астам баспана сатып алынып, су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға берілді. Сонымен қатар, 775 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізіліп, енді құрылысы аяқталған үйлердің халық игілігіне берілу сәтінің куәсі болып отырмыз», - деді өңір басшысы.

Құрылыс жұмыстары «Ақсайгазсервис» АҚ, «Ақжайық»,  «Демеу» қорлары және «Qazaq Stroy Almaty» ЖШС демеушілігімен жүргізілді. Жалпы қаржыландыру көлемі 1,6 млрд. теңгені құрайды.

Пугачев ауылының тұрғындары Иманалиевтер отбасы  жалғыз баспанасы суға кетіп, жарамсыз деп танылуына орай, олар жаңа пәтердің иесі атанды.

«Пугачев ауылына 2006 жылы отбасымызбен көшіп келіп, үй салып алдық. Сол салған үйімізді наурыз айының аяғында тасқын су басты. Дегенмен, арада көп уақыт өтпей бүгін баспаналы болып жатырмыз. Жарық, кең 3 бөлмелі, үлкен, барлық жағдайы жасалған баспанаға қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз. Осындай жағдай жасаған Мемлекет басшысына алғысымды білдіремін», - деді Иманалиева Ақкенже.

Бүгінде Бөрлі ауданында су тасқынан зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі 100 пайыз шешілді.

  • 02.08.2024
  • 169
Төреғалиев Н.

Батыс Қазақстан облысының әкімі

Төреғалиев Н.
(Мұрағат)

Батыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика