- Блогтар
 - А.Н. Дәрібаев
 
А.Н. Дәрібаев
«KOREM» АҚ Басқарма төрағасы
КЭС құрылысына ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда саттыққа қатысуға тіркеу басталады
Ағымдағы жылдың 23-26 қыркүйек аралығында ҚР Энергетика министрінің 2024 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген 2024 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің оңтүстік аймағының күн электр станциясын салуға жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өтеді.
«Электр энергиясы мен қуат нарығының қазақстандық операторы» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушысы 2024 жылғы 5 тамыздан бастап төменде көрсетілген кестеге сәйкес КЭС жобаларын салу бойынша аукциондық сауда-саттыққа әлеуетті қатысушыларды тіркеу ашылатынын хабарлайды.
ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін КЭС салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу кестесі
| 
			 № р/п  | 
			
			 Аукциондық сауда-саттықты өткізу күні  | 
			
			 Қуаты  | 
			
			 Шекті аукциондық бағаның шамасы, тг/кВт  | 
			
			 Аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу  | 
		|
| 
			 басталуы  | 
			
			 аяқталуы  | 
		||||
| 
			 1.  | 
			
			 23.09.2024ж  | 
			
			 100 МВт  | 
			
			 34,61  | 
			
			 05.08.2024ж.  | 
			
			 13.09.2024ж.  | 
		
| 
			 2.  | 
			
			 24.09.2024ж  | 
			
			 20 МВт  | 
			
			 34,61  | 
			
			 06.08.2024ж.  | 
			
			 16.09.2024ж.  | 
		
| 
			 3.  | 
			
			 25.09.2024ж  | 
			
			 20 МВт  | 
			
			 34,61  | 
			
			 07.08.2024ж.  | 
			
			 17.09.2024ж.  | 
		
| 
			 4.  | 
			
			 26.09.2024ж  | 
			
			 20 МВт  | 
			
			 34,61  | 
			
			 08.08.2024ж.  | 
			
			 18.09.2024ж.  | 
		
Аукциондық сауда-саттық туралы барлық жаңалықтар әлеуметтік желілерде және ресми интернет-ресурста жарияланады https://www.korem.kz/
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысты барлық мәселелер бойынша елесі байланыс телефоны арқылы жүгінуге болады: + 7 (7172) 982-965.
- 02.08.2024
 - 181
 
                
                                

