• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке 5 бөлмелі пентхаус және (Lexus 600) автокөлігінің кілті табысталды

ХХХlll жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметовке құрмет көрсетіліп, Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «Тараз» орталық стадионында гала-концерт ұйымдастырылды.

Спорт шеберіне құрмет көрсету үшін 15 мыңға жуық жамбылдық жиналды.

Алдымен Елдос Сметов спорттағы жолы туралы бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.

Салтанатты шарада Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев құттықтау сөз сөйлеп, Франция төрінде Олимп шыңын бағындырған Елдос Сметов пен оның жеке жаттықтырушысына құрмет көрсетті.

- Ел баласы – Елдос Сметов Тәуелсіз Қазақстанның тарихында дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанып отыр. Данқты спортшы Жақсылық Үшкемпіров ағамыздан кейін бірде-бір қазақ баласы бұл биікті бағындырған емес. Араға 44 жыл салып Елдос Сметов қазақтың көптен күткен арман-мақсатына қол жеткізді.

Қазақ елін әлем алдында паш еткен небір сайыпқырандар, саңлақ спортшылардың дені – Әулиеата топырағынан түлеп ұшқан.

Олимпиада чемпиондары – Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ибраимов, Бахтияр Артаев, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Серік Қонақбаев, Ислам Байрамуков, Болат Жұмәділов, Болат Ниязымбетов, Ақжүрек Таңатаровтар алты алаштың абыройын аспандатқан ел мақтаныштары!

Әулиеата өңірі – чемпиондар өлкесі, мықтыбапкерлер ордасы.

Қасиетті Жамбыл жері – ер Елдостың жеңісінен кейін жауырыны жер иіскемеген палуандардың басты ордасы десек қателеспейміз. Елдостың ерлігі мен жеңісі барша қазақстандыққа ортақ қуаныш. Қазақспортының даңқы арта берсін! – деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев төрткүл дүние көз тіккен төртжылдықтың басты додасында топ жарған Елдос Сметовке облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен демеушілердің тарапынан Тараз қаласынан 5 бөлмелі пәтер (пентхаус) және соңғы үлгідегі (Lexus 600) автокөліктің кілтін табыстады. Спорт саңлағының жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевке 2 бөлмелі пәтер мен автокөліктің (Hyundai Santa Fe) кілті берілді.

- Олимпиада ойындарында елімнің көк байрағын көкке көтеріп, әнұранымызды шырқату менің бала кезден бергі арманым болатын. Сол мақсатқа жету жолында аянбай тер төктім. Жақсылық Үшкемпіров атамыздың тілегін орындағаныма өте қуаныштымын. Барша жанкүйерлеріме ерекше алғыс айтқым келеді. Қолдауларыңызды сезіндім. Жерлестеріме көп рақмет! – деді ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Елдос Сметов.

Салтанатты шарада Олимпиада чемпионының жеке жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев те сөз алып, ортақ мақсат пен төккен тердің ақталғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, Елдос Сметов Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрініп, ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Татами шебері 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс, 2020 жылы Токиода өткен төртжылдықтың басты додасында қола медальді еншіледі.

Гала-концерт соңы елімізге танымал эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасы мен отшашуға ұласты.

  • 06.08.2024
  • 124
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика