- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Облыс әкімі Асайын Байханов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовпен кездесті
Кездесуде тараптар МАЭС-1 және МАЭС-2 электр станцияларын, сондай-ақ, Екібастұз ЖЭО-ын алдағы жылу беру маусымына дайындау және бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Кәсіпорындарда жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Барлық жұмыстарды уақытылы аяқтау жоспарлануда.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нен көмір мерзімдерге сәйкес жөнелтілуде. Күзгі-қысқы кезеңде өңірдің барлық энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындары қатты оиының қажетті көлемімен қамтамасыз етілетін болады.
МАЭС-1 станциясының №1 энергия блогын жаңарту аяқталуда, отын беру жүйесі реконструкциялануда. МАЭС-2-де қуаттылығы 500 МВт болатын 3 және 4 энергия блоктарының құрылысы жүргізілуде, бұл станцияның қуатын 1000 МВт-қа арттырады. «Богатырь Көмір» кенішінде циклдік-ағындық технология жобасы іске асырылуда.
Бұл инвестициялық жобалар ел Президентінің тапсырмасымен іске асырылуда, олар өңір өнеркәсібінің көлемін жыл сайын 300 млрд. астам теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді.
- 07.08.2024
- 104