- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Облыс әкімдігінде өңірде сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу мәселелері, сондай-ақ, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы қаралды
Биыл облыстың үш қаласында жалпы сомасы 11,1 млрд. теңгеге сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу бойынша 12 жоба іске асырылуда. Жыл соңына дейін облыстағы қала тұрғындарының сумен қамтамасыз етілуі 98%-ға дейін және ағынды суларды тазарту 89,5%-ға дейін жеткізіледі.
Облыс қалаларын орталықтандырылған су және кәріз желілерімен 100% қамтамасыз ету үшін желілерді салу және реконструкциялау бойынша тағы 22 жобаны іске асыру қажет.
Бүгінде 15,4 млрд. теңгеге 12 жоба әзірленіп, 2025 жылы республикалық бюджеттен қаражат бөлу үшін өтінім берілді. Облыс орталығының Затон, МДС, Саяжай, Горторг, Лесозавод, Хромзавод, 2 Павлодар және т.б. бірнеше шағын аудандарында су құбырларын салу бойынша тағы 10 жобаны әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде және ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.
Өңірдің ауылдық елді мекендерінің 98,7%-ы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыстағы 352 ауылдың 228-і орталықтандырылған сумен қамтылған, 94 ауылдық елді мекенде кешенді блок-модульдер орнатылған, 4 ауылда топтық су құбырының колонкалары пайдаланылады, 26 ауылдың тұрғындары суды ұңғымалардан алады.
Биыл Ақтоғай ауданының Барлыбай ауылында, Баянауыл ауданының Жалғызқайың, Куркелі және Сәтбаев ауылдарында, Павлодар ауданының Қаракөл ауылында және Тереңкөл ауданының Қызылтан ауылында 6 су құбырының құрылысы аяқталды.
2024 жылдың соңына дейін Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Успен және Тереңкөл аудандарының 12 сумен жабдықтау объектілерінде желілердің құрылыстары жүргізілетін болады. Бұл ауыл тұрғындарының таза ауыз суға қол жетімділігін 99,3%-ға дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өңір басшысы кейбір аудандарда сумен жабдықтау желілерін салу бойынша жобаларды іске асыру мерзімдерінің ұзаққа созылып кеткенін атап өтіп, әкімдерге бұл жұмыстарды қатаң бақылауға алуды және құрылыстарды мерзімінде аяқтауды тапсырды.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы бойынша Павлодар облысының Ақтоғай, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты, Аққулы және Тереңкөл аудандарында, сондай-ақ, Ақсу мен Екібастұз қалаларының ауылдық аймақтарында 30 медициналық нысан (23 медициналық пункт, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 2 дәрігерлік амбулатория) салу жоспарланған.
Бүгінгі таңда Ақшиман, Ақжар, Арбиген, Жабағылы, Қарақұдық, Қызылағаш, Шақа, Шұға, Мыңкөл, Бәйет ауылдарында 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізілуде. Бұл жобаларды 2024 жылдың қыркүйек-қазан айларында аяқтау жоспарлануда.
18 жоба бойынша мердігер ұйымдар анықталып, тағы 2 жоба бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
Салынып жатқан медициналық мекемелерге инженерлік коммуникацияларды тарту бойынша жұмыстар Екібастұздың ауылдық елді мекендеріндегі 2 нысанда басталды, Ақсудың ауылдық аймағындағы 6 нысан бойынша мердігерлік ұйымдарды анықтау үшін конкурстық рәсімдерді тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Қалған 22 нысанға қосылу нүктелерінің жақын орналасуына байланысты сыртқы желілерді жергілікті әкімдіктер тартатын болады.
Асайын Байханов барлық жоспарланған нысандардың құрылысын мерзімінде аяқтауды, мердігерлердің жұмысын қатаң бақылауға алуды және қабылданған міндеттемелер орындалмаған жағдайда уақтылы тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
- 07.08.2024
- 104