- Блогтар
- Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.
ҚР Туризм және спорт министрі
ЖАЗҒЫ ОЛИМПИЯ ОЙЫНДАРЫ-2024: ОН БЕСІНШІ ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕСІ
Еркін күрес. 97 кг дейінгі салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали ширек финалда жеңілсе де, жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алды.
Велотрек. Кейрин бағдарламасындағы Андрей Чугай іріктеуде өз тобында мәреге бесінші болып келді. Енді ол жұбаныш кезеңінде бақ сынайды.
Қазіргі бессайыс. А тобының жартылай финалында сынға түскен Елена Потапенко 1301 ұпай жинап, 15-орыннан көрінді.
Брейкинг. Брейкингтен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Париж Олимпиадасының ширек финалында әлем чемпионы Виктор Монтальвоға (АҚШ) жол беріп, жарысты аяқтады. Тоғыз төрешінің 3 раунд бойынша есебі: 0-3 (0-9, 1-8, 2-7).
Олимпиаданың он бесінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.
- 12.08.2024
- 68