- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай облыс әкімі Асайын Байханов саланың үздік қызметкерлерін құттықтады
Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай облыс әкімі Асайын Байханов саланың үздік қызметкерлерін құттықтады және бұл елдің тұрақтылығын айқындайтын негізгі құрылымдардың бірі екенін атап өтті.
- Салықтардың уақтылы түсуі ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етті, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының жаңа нысандарын салуға мүмкіндік берді.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін табысты шешу сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіз бен істеріңізге деген жауапкершіліктеріңіздің арқасында мүмкін болды, - деді облыс әкімі мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне арнаған сөзінде және жұмыста одан әрі жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тілек білдірді.
Бірқатар қызметкерлер өңір басшысының Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен және «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.
- 14.08.2024
- 101