- Блогтар
- Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Айыртау ауданында көпір мен курорттағы жолдар жөнделуде
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Айыртау ауданында шөп дайындау және күздік бидайды жинау барысын тексеріп, аудан диқандарымен орақ науқанының мәселелерін талқылады.
Ауданда инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асуда. Имантау ауылындағы «Еленовка-Арықбалық-Чистополье» облыстық жол бойындағы көпірге күрделі жөндеу жалғасуда.
Туристік инфрақұрылым да дамып келеді. Қазіргі таңда «Шалқар су» санаторийі бұрылысынан «Сокол» балалар лагеріне апаратын ұзындығы 2 шақырым жол жөнделіп жатыр. Бұл жұмыс демалушылар мен туристердің курорттық аймақта жайлы саяхатын қамтамасыз етеді.
Өңір басшысы осыдан 6 мың жыл бұрын жылқы алғаш қолға үйретілген Ботай қонысында болды. Ботай – тұрғындар мен туристер үшін өлкеміздің тарихымен сырласатын бірегей орын.
Сонымен қатар, облыс әкімі Есіл ауданындағы «Атамекен-Агро Корнеевка» серіктестігінің 1,3 мың басқа арналған жаңа сүт фермасының құрылыс барысын тексерді. Бүгінде негізгі жұмыстар аяқталып, екі корпус пайдалануға берілді, Дания мен Германиядан бес жүзден астам бас әкелінді. Қыркүйек айында жаңа ферма іске қосылып, облыстағы үлкен кешендердің біріне айналмақ.
- 15.08.2024
- 91