- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Олжас Бектенов Жетісу облысындағы көлік-логистикалық инфрақұрылымның ірі нысандарын аралады
Премьер-Министр Олжас Бектенов Жетісу облысына жұмыс сапары барысында өңір экономикасының 7%-ын құрайтын көлік-логистика саласының дамуымен танысты.
Nur Zholy Customs Service халықаралық көлік-логистика орталығының аумағында Үкімет басшысы Cross-Docking технологиясын қолдану арқылы көлік құралдарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесімен танысты.
Орталықтың жұмысы транзитті жеңілдету әрі жеделдету үшін жаңа технологияларды енгізу арқылы жүк айналымын арттыруға бағытталған. Бұл нысан экономиканы монополиядан арылту аясында мемлекетке қайтарылды. Биылғы қаңтар айында орталық аумағында Dostyk Customs Service уақытша сақтау қоймасы ашылды, ол «Алакөл» автокөлік өткізу бекетінде жүктерді тиімді әрі жылдам кедендік өңдеуге және өткізу қабілетін арттыруға ықпал етеді. Бүгінгі таңда орталықтың өткізу қабілеті тәулігіне 150-200 автокөлікті, қойманың орташа тәуліктік жүк айналымы 200-250 тоннаны құрайды. Жүк айналымының әлеуеті – жылына 1,2 млн тонна тауар.
Толығырақ облыс әкімдігінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/829525?lang=kk
- 20.08.2024
- 125