- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Жетісу облысында өңірлік кадрлық резервке іріктеудің соңғы кезеңі өтті
Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде тұңғыш рет әрбір облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кадр резервтерін қалыптастыру жобасы басталды. Жобаның негізгі мақсаты – болашақта басшылық қызметке келетін кадрлар буынын қалыптастыру, оған талантты, білімді, жаңашыл, ақылды жастарды тарту. Жетісу облысы бойынша құжаттарын ұсынған 300 үміткердің ішінен 32-сі барлық кезеңдерден өтіп, сұхбат кезеңіне жетіп отыр. Бұл кезең барысында әрбір кандидат өзінің ұсынған жобаларының іске асырылу мүмкіндіктерін, мәні мен мақсатын, нәтижелерін ашып көрсетуі керек. Соның нәтижесінде 20 азамат іріктеліп алынатын болады. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!
Толығырақ облыс әкімдігінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/831306?lang=kk
- 22.08.2024
- 135