- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Қаратал ауданында осы жылы 8 медицина нысаны салынады
Биыл Қаратал ауданында 8 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланса, соның 6-ы «Ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бой көтереді. Атап айтқанда, Ортатөбе, Қызылжар, Қанабек, Оян, Қаражиде, Доншы ауылдарында 5 фельдшерлік-акушерлік пункт пен бір медпункт салынады. Олардың құрылысы биылғы жылдың соңына дейін аяқталады.
Инфрақұрылымды дамыту мен кадрлар тапшылығы проблемасын шешу медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырудағы негізгі факторлар. Өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту үшін нысандар құрылысына блокты-модульді конструкцияларды пайдалану тұрақты қолға алынған. Бұл шалғайдағы ауылдарды заманауи медициналық объектілермен қамтамасыз ете отырып, құрылыс процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Толығырақ облыс әкімдігінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/832021?lang=kk
- 22.08.2024
- 147