- Блогтар
- Нүкежанов Е.Б.
Нүкежанов Е.Б.
ҚР МАМ Дін істері комитетінің төрағасы
А. ж. 9 тамызында жоғары шіркеуді басқару органы – Синодтың отырысы өтті
А.ж. 9 тамызда Інжілдік-лютеран шіркеуінің Құтқарушы Христос ғибадатханасында жоғарғы шіркеулік басқарушы орган - Синодтың отырысы өтіп, онда шіркеудің жаңа басшысын сайлау мәселесі қаралды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Дін істері комитетінің, сондай-ақ Ресей, Германия, Молдовадан ІЛШнің өкілдері қатысты.
Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежанов құттықтау сөзінде түрлі халықтар мен конфессиялар өкілдері арасындағы татулық пен өзара түсіністікті сақтауға, мемлекеттің үйлесімді дамуына қосқан шіркеудің зор үлесін атап өтті.
Сондай-ақ шараға қатысушылар архиепископ Юрий Тимофеевич Новгородовқа Қазақстан халқының игілігі жолындағы көп жылғы қызметі үшін алғыстарын білдірді.
Синод шешімімен Шіркеудің басшысы ретінде Ростислав Юрьевич Новгородов тағайындалды.
- 23.08.2024
- 115