• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімдігінде 2024 жылғы шыбын-шіркеймен күрес жұмыстарының қорытындылары және 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды

Аймақта дезинсекциялық жұмыстар үш тәсілмен жүргізілді: әуе, өзен және тосқауыл. 4 сәуірден бастап аймақта дернәсілдердің даму кезеңдерін фенологиялық бақылау басталды. Алғашқы жаяу өңдеу жұмыстары 23 сәуірден басталды.

27 сәуірден бастап мамандар әуеден өңдеу жұмыстарына кірісті. 8 әуе борты 327 мәрте әуеге көтеріліп, 127 мың га алқап өңделді. Әуеден өңдеуге мүмкін болмаған 3,3 мың га алқап аспалы бүріккіштермен жаяу өңделді.
Әуеден өңдеу жұмыстарының тиімділігі Павлодар және Ақсу қалаларының жайылмаларында 91% және облыстың солтүстік аудандарында 83% құрады, бұл өңірдегі су шаруашылығы жағдайына байланысты болды.

Жоспарланған 6,2 км3 көлемнен жалпы жіберілген судың көлемі 6,7 км3 құрап, жайылма алқабының 80%-дан астамын су басты. Сондай-ақ, Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында жауын-шашынның көп түсуі мен өзендердің бүйірлік ағыны табиғатты қорғау мақсатында жіберілетін ағындардың аяқталуына да кері әсерін тигізді. Мәселен, Шүлбі су қоймасынан шығатын су шығыны, тіпті,  табиғатты қорғау мақсатында жіберілген су тоқтағаннан кейін де, үнемі 1800-ден 1250 м3/с-қа дейінгі деңгейде болды.

Мұның барлығы шіркейлердің дамуына айтарлықтай түзетулер енгізді. Облыста алғаш рет жайылманың өзінде шіркей дернәсілдерінің дамуы мен көбеюі байқалды, ал, әдеттегі негізгі дамуы облыстың оңтүстігінде емес, төменгі ағысында, жекелеген арналарда болды. Шіркейге қатысты шағымдардың басым көпшілігі Ертіс және Железин аудандарының ауылдарынан келіп түсті.

- Биылғы жылы шыбын-шіркейдің жағдайы өткен жылға қарағанда әлдеқайда күрделі болғанын бәріміз көрдік. Осыған қарамастан, жұмыстар тиімді жүргізілгенін атап өткен жөн. Уақытылы жүргізілген іс-шаралардың және Ертістің 11,5 мың га жайылма алқабын қосымша көлденеңнен 30 мәрте әуеден өңдеудің арқасында біз 2016 жылғы маусымның қайталануына жол бермедік, тіпті, ол кезде облыс орталығында ТЖ режимін енгізуді жоспарлаған еді, - деді облыс әкімі Асайын Байханов.

Маусым қорытындысы бойынша өзенді өңдеудің орташа тиімділігі 86,1% құрады. 29 мамыр мен 27 маусым аралығында шіркей дернәсілдеріне қарсы өзен 3 мәрте өңделді. 305 мың литр биопрепарат төгіліп, соның арқасында шыбын-шіркей дернәсілдерінің саны 1 дм2-ге 1700-ден 80 данаға дейін азайды.

Ертістің оң және сол жағалауларын темір жол көпірінен Усолка шағын ауданына дейін күнделікті тосқауылмен өңдеу 13 мамырдан басталды. Бір күннен кейін ауылдық жерлерде басталды. Барлығы 20 шілдеге дейін 50 мыңнан астам адам тұратын жағалау бойындағы 59 елді мекен қамтылды.

Бүгінгі күні дезинсекция бойынша жоспарланған барлық іс-шаралар Павлодар, Ақсу және облыстың ауылдық аудандарында толық көлемде аяқталды. Екібастұзда өңдеу жұмыстары жалғасуда.

- Екібастұзда әлі күнге дейін шыбын-шіркейді жоя алмауда. Маған үнемі 15, 19, 20 және 22 шағын аудандарының, сондай-ақ, Солнечный мен Шідерті кенттерінің тұрғындарынан шағымдар келіп түседі. Бұл қалалық мердігер жұмысының тиімсіздігін көрсетеді.
Қала басшылығына осы бағытқа жетекшілік ететін менің орынбасарыммен және облыстық басқармамен бірлесіп, Екібастұздағы жұмыс тәсілдерін қайта қарауды, олардың қажетті көлемін есептеп, тиімді алгоритм әзірлеуді тапсырамын, - деді Асайын Байханов.

2024 жылғы шыбын-шіркеймен күрес жұмыстарын қорытындылай келе және алдағы жылы да су шаруашылығы режимінің қайталануының болжамды тәуекелдерін бағалай отырып, мамандар 2025 жылы әуеден өңдеу алқабын - 172,0 мың гектарға дейін ұлғайту туралы ұсыныс енгізді. Жұмыс жоспарына Ақсудың ауылдық аймағының солтүстік бөлігінің бұрын өңделмеген 15 мың гектар учаскесін және Ертіс жайылма алқабының қосымша 30 мың гектарын қосу жоспарлануда.

  • 26.08.2024
  • 126
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика