- Блогтар
- Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.
Алматы облысының әкімі
Талдықорған қаласы облыс орталығы мәртебесіне сай дамуы керек
Талдықорған қаласында өткен жылы барлық қаржы көздерінен 137,5 мың шаршы м. тұрғын үй іске қосылған, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 9,1% өскен. Ал биылғы жылы жалпы көлемі 164 мың шаршы м тұрғын үй салынады, соның 91,6 мың шаршы метрі бюджет есебінен, 73,9 мың шаршы метрі құрылыс компанияларының жеке инвестициясы мен жеке тұлғалардың қаржысына салынады. Сол сияқты биыл апатты үйлердің мәселесі де шешіледі.
Жалпы бүгінгі күні Талдықорғанда 178,5 мың адам тұрады. Қала әкімі Ғ.Әбдірайымовтың айтуынша, өткен жылда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 88,3 млрд. теңге, құрылыс монтаж жұмыстарының көлемі 40,9 млрд. теңгеге жеткен. Қала экономикасына 78,9 млрд. теңге инвестиция тартылған. Биылғы жылы өнеркәсіпте құны 6,0 млрд. теңге болатын жаңа жобалар іске қосылмақ. Бұл ретте пектин және құрғақ жем шығаратын "GreenTechnology Partners" ЖШС зауыты, құрама жем өндіретін "Астана халық ЭКСПО" ЖШС зауыты, керамогранит өндірумен айналысатын «Алмаз Керамикс» ЖШС зауытының бірінші желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Оларда 300-дей жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сол сияқты "Қайнар АКБ" ЖШС өндіріс іргесін кеңейтіп, 1,8 млрд. теңгеге жаңа желі ашады, онда 35 адам жұмыспен қамтылмақ. Сөйтіп өнеркәсіп өндірісінің көлемін 94,0 млрд. теңгеге жеткізу көзделген.
Бүгінгі күні қалада 16,8 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр. Талдықорғандықтарды баспанамен қамту мақсатында өткен жылы барлық қаржы көздерінен 137,5 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, биылғы жылы жалпы көлемі 164 мың шаршы м тұрғын үй салынады, соның 91,6 мың шаршы метрі бюджет есебінен, 73,9 мың шаршы метрі құрылыс компанияларының жеке инвестициясы мен жеке тұлғалардың қаржысына салынады.
Талдықорғандағы 6, 7 және 8 шағын аудандарда 33 көп қабатты үйдің құрылысы бастауға дайын, сол сияқты коттедж қалашығында 232 үй жыл соңына дейін аяқталады. Коттежді қалашықта спорт алаңының құрылысы аяқталуға таяу, онда футбол, волейбол, баскетбол алаңдары бар. Бұл қалашықта мектеп, балабақша сияқты әлеуметтік нысандармен қатар тұрмыстық қызмет көрсету, сауда орталықтары да қарастырылады.
Сол сияқты биыл апатты үйлердің де мәселесі шешіледі. Оған облыстық бюджеттен 855 млн. теңге қарастырылды.
Қала саяжайларына да көңіл бөлініп, "Үйтас" және "Мерекелік" саяжай қоғамдарының 6,7 мың отбасы ауызсу және электрмен қамтамасыз етілуде. Бұл жұмыс биылғы жылы жалғастырылып, Қаратал, Алмалы, Ключи саяжайларында жалпы 28,9 км. ауызсу желілерін салу жоспарланған. 10 саяжай қоғамының 30 км басты жолдарына көше жарығын орнатудың жобалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.
Қалада бүгінгі күні табиғи газға 24 595 абонент қосылды. Қазір Ынтымақ, Жастар-2, 3-ші бөлімше елді мекендерінде газ тарату желісінің құрылысына қажетті ЖСҚ дайын болды, қаржы бөлінген бетте құрылыс жұмыстары басталады. Бұл осы елді мекендердегі 2241 отбасының газға қосылуына мүмкіндік береді.
Қала әкімі жол жөндеу, жолаушы тасымалы, аулаларды абаттандыру, «Жұмыспен қамту жол картасының» іске асырылуы, жұмыссыздықпен күрес, әлеуметтік салаларды қолдау бағыттары туралы да кеңінен айтып берді.
- 12.02.2021
- 238