- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Облыс әкімінің өкімімен Людмила Курманова Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Людмила Рашидқызы – 1981 жылы Павлодар қаласында туған. 2002 жылы Алматы экономика және статистика институтын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының құрылымдық және инвестициялық саясат бөлімінің бас маманы болып бастады. Маманнан бастап экономикалық талдау және болжау бөлімінің басшысына дейінгі еңбек жолынан өтті.
2016-2021 жылдары облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2021 жылдың мамыр айынан бастап партия жұмысымен айналысты. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін 2021 жылдың тамыз айынан бастап Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі болды.
- 04.09.2024
- 36