• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбылдық параспортшы Нұрдәулет Жұмағалиға 2 бөлмелі пәтер мен автокөліктің кілті табысталды

Жамбылдықтар XVII жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Нұрдәулет Жұмағалиді қошеметпен қарсы алды.

Алдымен параспортшыны жақындары мен жанкүйерлері «Әулие-Ата» халықаралық әуежайынан құшақ-құшақ гүл шоқтарымен күтіп алып, жылы лебіздерін білдірді.

Бұдан соң «Тараз-Арена» спорт кешенінде салтанатты шара ұйымдастырылып, оған Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.

Өңір басшысы жүзу шеберін айтулы жеңісімен құттықтап, жамбылдықтардың атынан алғыс білдірді.

- Төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі додада ел мерейін еселеп, қазақстандықтардың сенімін ақтадың. Әсіресе, Жамбыл жұртының абыройын асқақтаттың! Барша жерлестерің сені мақтан тұтады!

Әлемнің ең басты спорт сайысында күшті ерік-жігер мен табандылық танытып, нағыз ер азаматқа тән мінез көрсеттің! Рекорд жаңарттың! Сен нағыз батырсың!

Бүгінде Паралимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері атынып, айтулы жетістікке жеттің.

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің жеңісті жолын лайықты жалғай бересің деп сенеміз!

Бұйырса, 2028 жылы өтетін Паралимпиада ойындарында алтыннан алқа тағып, Әнұранымызды асқақтатып, көк туымызды көкте желбіретуіңе тілектеспін! – деді облыс әкімі.

Нұрдәулет Жұмағалиға жазғы Паралимпиада ойындарындағы жоғары көрсеткіші үшін демеушілердің тарапынан 2 бөлмелі пәтер мен Toyota Camry 75 автокөлігінің кілті табысталды. Жеке жаттықтырушысы Саттар Бейсембаевқа да ілтипат көрсетіліп, Haval M6 автокөлігінің кілті берілді.

- Сіздердің қолдауларыңыз бен жылы сөздеріңіз жеңіске жетуіме ықпал етті. Жанкүйер болған баршаңызға алғысым шексіз! Алдағы уақытта да байрақты бәсекелерде топ жарып, ел сенімін ақтайтын боламын, – деді Нұрдәулет Жұмағали.

Салтанатты шарада параспортшының жеке жаттықтырушысы Саттар Бейсембаев та құттықтау сөз сөйледі.

Айта кетейік, XVIІ жазғы Паралимпиада ойындарына 4 жамбылдық спортшы ел намысын қорғап, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Оның ішінде Нұрдәулет Жұмағали мен Зульфия Габидуллина (пара жүзу), Өмірәлі Нышан (пара таеквондо) және Салтанат Әбілхасымқызы (пара жеңіл атлетика) бар.

  • 13.09.2024
  • 97
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика