• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ: ЦИФР МЕН ДЕРЕК

8-13 қыркүйек аралығында елордада Ұлы даланы дүбірге бөлеген 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дүркіреп өтті. Жер-жаһанның 90-ға жуық мемлекетінен келген 2500-ге тарта спортшы бір аптаға жуық көшпенді халықтардың төл спортынан сынға түсіп, 97 медаль жиынтығын сарапқа салды.

Назарларыңызға көшпенділер Олимпиадасында тіркелген қызықты деректерді ұсынамыз.

Қазақстан қоржынында қанша жүлде бар?
Алты күнгі аламанда Ұлттық құрама спортшылары 43 алтын, 32 күміс, 37 қола (жалпы 112 медаль) жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Ойындарда жалпы саны 33 елдің спортшысы медаль иеленді. Жүлде алған мемлекеттер қатарында мұхиттың арғы бетінен келген Канада мен Мексика өкілдері де бар.

Қазақ күресіне қанша спортшы қатысты?
Дүбірлі дода аясында төл күресімізден өткен жарысқа әлемнің 44 елінен 294 палуан бақ сынады. Бұл – қазақ күресінің дүниежүзі бойынша қарқынды дамып келе жатқанының айқын көрінісі. Жүлде алған елдер қатарында көрші мемлекеттерден бөлек, Еуропа палуандары да бар. Атап айтқанда, қазақ күресінен белдесулерде Италия, Польша, Мажарстан, Нидерланд спортшылары жүлдеге қол жеткізді.

Жанкүйері көп болған спорт түрі
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ең көп көрермен көкпар мен көкбөрі жарысына келді. «Қазанат» ипподромында өткен екі сайыстың да финалдық бәсекесін 20 мың (әр финалға 10 000 көрермен келді) жанкүйер тамашалады.

Ең көп спортшы алып келген елдер
Қазақстан құрамасының спортшыларын есепке алмағанда, биылғы ойындарға ең көп спортшыны Қырғызстан құрамасы қосты – 172 спортшы.

Ойындарға қатысқан ең жас спортшы - Хамза Амангелді. Аламан бәйгеде бақ сынаған Хамза небәрі 10 жаста.

Ең егде спортшы - 80 жастағы испаниялық Соледад Хименес Каррион. Ол дәстүрлі садақ ату сайысында өнер көрсетті.

Ойындарға қанша ерікті жұмылдырылды?
Спортшылар мен делегация өкілдеріне 1600 волонтер көмек көрсетті. Оның ішінде 20 шетелдік ерікті бар.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қанша жылқы мен құс қатыстырылды?
Көшпенділер ойындарында көп спорт түрі жылқылардың көмегімен ойналатын болған соң, биылғы додаға жалпы саны 499 бас жылқы қатысты. Оның ішінде 100 бас Ұлттық құраманың жылқысы, Ойындарды ұйымдастыру дирекциясы жылқысыз келген өзге елдердің қатысушылары үшін 300 бас жылқы жалға алған. Сондай-ақ, Қырғыз Республикасы – 91, Өзбекстан Республикасы – 8 бас жылқы әкелді.

Сонымен қатар жарыстарға  әкелінген 41 құстың 9-ы ұлттық құрамаға, 8-і Қырғыз Республикасына тиесілі. 24 бас құсты өзге елдер үшін ҚР Құсбегілік федерациясы ұсынды.

  • 17.09.2024
  • 95
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика