- Блогтар
- Батырбеков Э.Ғ.
Батырбеков Э.Ғ.
ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» Бас директоры
Қазақстандық делегация құрамындағы Ұлттық ядролық орталықтың МАГАТЭ бас конференциясындағы жұмысы жалғасып жатыр
АҚШ пен Норвегия ұйымдастырған және жоғары байытылған уранды пайдалануды азайту мәселесіне арналған қатарлас іс-шарада ядролық зерттеу реакторларын төмен байытылған отынға ауыстырудың қазақстандық тәжірибесі туралы баяндама ұсынылды.
Іс-шараны АҚШ-тың энергетика вице-министрі, Ұлттық ядролық қауіпсіздік әкімшілігінің басшысы Джил Руби ханым ашты. Іс-шара тақырыбы бойынша Норвегияның Ядролық және радиациялық қауіпсіздік агенттігінің, Нигерияның Атом энергиясы жөніндегі комиссиясының және канадалық AECL компаниясының бірінші басшылары да презентация жасады.
Аудиториямен панельдік пікірталас барысында конверсиялау жобаларын жүзеге асырудың әрқилы қырлары талқыланды. Қатысушылар Қазақстан Республикасының әртүрлі үлгідегі зерттеу реакторларын төмен байытылған отынға ауыстырудағы және жоғары байытылған уранды кәдеге жаратудағы жан-жақты бірегей тәжірибесін атап көрсетті.
- 18.09.2024
- 56