- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Облыс әкімі Асайын Байханов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Облыс тұрғындары өңір басшысына жерді пайдалану, жалға алуды ұзарту мәселелері бойынша жүгінді. Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау барысында басқа да әлеуметтік маңызды мәселелер қаралды.
Кездесу барысында айтылған сұрақтар бақылауға алынды. Қосымша пысықтауды талап ететін өтініштер бойынша Асайын Байханов аталған барлық фактілерді жауапты мемлекеттік органдарға тексеріп, жан-жақты түсініктеме беруді тапсырды.
Естеріңізге саламыз, аймақ тұрғындары жеке қабылдауға e-gov порталы, E-otinish.kz немесе әкімдіктің WhatsApp +77021661661 желісі арқылы жазыла алады.
- 18.09.2024
- 51