• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Павлодар облысында дәнді және майлы дақылдардың жоғары өнімділігі күтілуде

Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ертіс ауданына барып қайтты. Аймақтың басты астықты өлкесінің негізгі бағыттарының бірі - дәнді дақылдарды өсіру. Аудан егіс алқаптары бойынша көшбасында - 316,9 мың га. Болжамды жиналатын астықтың жалпы көлемі - 244,6 мың тонна, майлы дақылдар - 37,5 мың тонна.

Бүгінгі таңда дәнді дақылдардың 75,7 мың га алқабы жиналды, өнімділігі гектарына 12,8 центнерді құрайды. Астықты жинау науқанына 467 комбайн, 364 трактор жұмылдырылған. Шаруашылықтар жанар-жағармаймен толық көлемде қамтамасыз етілген.

Өңір басшысы «Кәусар» ШҚ егістіктерінде бидай мен күнбағыс жинау жұмыстарының барысымен танысты. Диқандар дәнді дақылдарды жинау науқанын 10 қазанға дейін аяқтап, одан кейін майлы дақылдарды жинауға кірісуді жоспарлауда. Шаруашылық күнбағыс өнімі былтырғы жылдан қарағанда екі есе көп мөлшерде жиналады деп болжауда. Биыл фермерлер мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын қолданды: лизинг, арзандатылған дизель отыны және жеңілдетілген мемлекеттік субсидиялау бағдарламалары.

Облыс әкімі шаруалармен барлық мәселелерді талқылап, аудан ауылдарындағы жастардың жұмыспен қамтылуына назар аударды.
- Ауылды қолдау маңызды. Бір жылдың ішінде Ертіс ауданынан 400 адам қоныс аударған. Бұл аудандағы 27 ауыл 1 ауылға кеміді деген сөз. Жастар көшіп кетіп жатыр, сондықтан, бизнесті дамыту, заманауи кәсіпорындарда тартымды жұмыс орындарын құру, лайықты жалақымен, жайлы техникамен қамтамасыз ету қажет, - деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі 900 гектардан қарақұмық, 4 мың гектардан арпа мен күнбағыс, 10 мың гектардан бидай және 500 гектардан зығыр жинап жатқан «Талапкер» ШҚ егіс алқаптарында болды. Мұнда астықтың 60% жиналды.

- Ең маңыздысын атап өткен жөн: бұл топырақ құнарлылығының төмендеуіне жол бермеу қажет, болашақ ұрпақтың да игілігіне жұмыс істеуі үшін жерге қамқорлық жасау керек. Ол үшін толыққанды астықты, май құрамы жоғары дақылдар алу үшін тыңайтқыштарды уақтылы себу қажет, - деді облыс әкімі астық жинау науқанын талқылау барысында фермерлерге.
 
Сапар барысында Асайын Байханов «Фадеев сызығын», яғни, мықты тұқым өндірудің жұмсақ фракциялық технологиясын белсенді пайдалынып жатқан Абай атындағы ЖШС егіс алқаптарына барды. Жақсы ауа-райы жағдайлары және жаңа технологиялар шаруашылықты дәнді дақылдардың жоғары өнімділігімен қамтамасыз етті, бұл өз кезегінде ЖШС барлық қызметкерлерінің жалақысын 50%-ға көтеруге мүмкіндік берді.

Облыс әкімі бұл ҚР Президентінің халықтың табысын арттыру туралы тапсырмасын тікелей орындау екенін атап өтті. Егер әрбір фермер осылай жасаса, бұл ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеруге оң әсер етеді.

Жұмыс сапары барысында Асайын Байханов Ертіс ауылындағы жөндеу жұмыстары аяқталған балалар өнер мектебін тексерді. Қараусыз қалған ғимаратты қайта жаңартуға 176 млн. теңге бөлінді. Бүгінде мұнда аудан орталығы мен жақын маңдағы ауылдардың 800 баласы көркемдік-эстетикалық, музыкалық, хореографиялық бағыттар бойынша сабақтарға қатысады.

  • 23.09.2024
  • 99
Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика