• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • А.Н. Дәрібаев
А.Н. Дәрібаев

«KOREM» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда КЭС салу бойынша аукциондық сауда-саттықтар бағаның екі еседен артық төмендеуінен басталды

2024 жылы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 100 МВт күн электр станциясының құрылысына жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2024 жылы КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу үшін бекіткен шекті аукциондық баға 34,61 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрайды.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 34 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 700 МВт құрады.

Аукцион барысында қатысушылардан түскен өтінімдердің баға ауқымы 34,61 - 15.93 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) аралығын қамтыды. КЭС салу жобаларын іріктеу бойынша бағаның бастапқы аукциондық бағадан   төмендеуі 53.97%-ды құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жобаның белгіленген қуаты 100 МВт, аукцион бағасы 15.93  теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) «Дамона» ЖШС компаниясы жеңімпаз болып анықталды. Жобаны Алматы облысында орналастыру жоспарлануда.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KAZENERGY» ЗТБ, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» ЗТБ, «Qazaq Green» жаңартылатын энергия көздері қауымдастығы» ЗТБ, «EcoJer» қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ, «Атамекен» ҰКП, Азия даму банкі, USAID және АХҚО бақылаушы ретінде қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «КОRЕМ» АҚ электрондық сауда жүйесінің толық ашықтығын атап өтеді.

ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 20 МВт КЭС салу жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылдың 24 қыркүйегіне жоспарланған.

 

Аукцион нәтижелері туралы алғашқы жаңалықтар аукционды ұйымдастырушының ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады:

Ресми сайт - https://www.korem.kz/      

Telegram - https://t.me/aokorem     

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc   

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/

  • 23.09.2024
  • 96
А.Н. Дәрібаев

«KOREM» АҚ Басқарма төрағасы

А.Н. Дәрібаев
(Мұрағат)

«KOREM» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика