• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ БҮКІЛӘЛЕМДІК ТУРИЗМ КҮНІ АЯСЫНДА САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Бурабайда өтіп жатқан «Қазақстан саяхат форумына» қатысып, қазақстандықтарды Бүкіләлемдік туризм күнімен құттықтады. Іс-шара аясында министр еліміздің туризм саласын дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан мамандарды «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» және «Туризм саласының үздігі» төсбелгісімен, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттады.

Іс-шараның ресми бөлігінде Ербол Мырзабосынов сөз сөйлеп, Қазақстан биыл туризм саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

«Туризм индустриясы еліміздің экономикалық өсімінің маңызды драйверіне айналып келеді. Осы жылдың маусым айында Мемлекет басшысы туризм мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізді. Аталған жиында туристік орындарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жолаушылар вагондарының паркін жаңарту, әуе бағыттарын ұлғайту және жаңа туристік нысандарды құру сияқты саланы дамытуға қатысты нақты тапсырмалар айтылды. Биыл туризм саласындағы статистикалық деректердің жақсара түскенін байқап отырмыз. Атап айтқанда, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша орналастыру орындары қызмет көрсеткен ішкі туристер саны 350 мыңға өсіп, 3,4 млн адамды құрады. Шетелдік туристер саны 50 мыңға артып, 566 мың адамға жетті», - деді Туризм және спорт министрі.

Сондай-ақ ведомство басшысы Қазақстанның туристік әлеуеті халықаралық аренада табысты насихатталып келе жатқанын жеткізді.

Мәселен, Conde Nast Traveller сияқты беделді басылымдардың мәліметі бойынша, Қазақстан әлемдік туристік бағыттар бойынша алдыңғы қатарға қосылды.
Биыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында Қытайдың ірі қалаларын қамтитын 20-дан астам ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.

Еліміздің туристік имиджін нығайтудағы маңызды оқиғаға айналған Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ерекше атап өткен жөн. Этноауылға 250 мыңнан астам адам келіп, іс-шараларға қатысты.
Жалпы, елде туристік белсенділіктің айтарлықтай артқаны байқалып отыр. Бұған Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның саяхаттар мен туризмді дамыту индексі бойынша жаңартылған рейтингте 52-орынға шығуы дәлел.

  • 28.09.2024
  • 94
Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика