• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов
Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов

Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі отандық экспорттаушыларға арналған жаңа қолдау құралдарын таныстырды

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясы) шетел нарығын бетке алған отандық өндірушілер үшін жаңа қолдау құралдарын іске қосты.

Биыл KazakhExport Экспорттық-кредиттік агенттікке айналып, қызмет көрсету мүмкіндігі мен шеңберін кеңейтті. Сақтандыру және қайта сақтандыру, экспорт алдындағы қаржыландыру және экспорттық сауда ісіне қаржы көзін табу сынды қолданыстағы қызметтер жаңа жобалармен толықты: экспорттық операцияларға кепілдік беру және экспорттық несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау.




Кепілдік бойынша құрал мына компоненттерді қамтиды:

  • экспорттық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау кепілдігі;
  • экспорттық келісімшарт бойынша аванстық төлемді қайтару кепілдігі;
  • тендерлік кепілдік;
  • экспорттаушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін банкке берілетін кепілдік.

Нақтысын айтқанда, қазақстандық экспорттаушылар кепілдік беру құралы арқылы халықаралық тендерлерге қатысып, отандық тауарларға, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарға асқан қызығушылық танытқан импорттаушылармен байланысты күшейте алады.

Одан бөлек, жаңа құрал экспорттық мәмілелер бойынша төлем міндеттемелерін қамтамасыз етіп, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің кепілдігі арқылы аванстық төлемді алу кезінде импорттаушы қаражатын тартуды көздейтін болады. Экспорттық мәмілелерге кепілдік беру жөніндегі өнім шеңберінде базалық тариф 4,6%  мөлшерінде белгіленді. 

 Енді компания қоржынында кәсіпкерлердің әртүрлі қажеттіліктері мен экспорттық цикл кезеңдеріне бейімделген 22 өнім бар. Олардың әрқайсы жеке дара қарастырылып, икемге келе алады. 

«Жаңа жобаларымыз отандық экспорт қызметінің кешенді дамуын көздейді. Бұл ретте кепілдік беру құралы шетелдік контрагенттер алдындағы міндеттемелерді орындау бойынша кепіл болады және банкке қажет кепілдік мәселелерін қамти алады. Біз шикізат емес экспортты дамыта отырып, экономиканың жан-жақты және орнықты дамуына сеп боламыз. Дәл осылай мемлекеттік қолдау шараларының негізі нығаяды», – деп атап өтті «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Аллен Шәйжүнісов.

Бүгінде Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі ұсынатын сұраныстағы қолдау құралдары:

  • Экспорттық кредиттерді сақтандыру – экспорттаушыны жөнелту кезінде төлемді кейінге қалдыра отырып, шетелдік сатып алушы тарапынан төлем жасамау қаупінен қорғайды;
  • Қарыздарды сақтандыру – қаржы институты экспорттаушының несие шартын орындамау қаупінен қорғалса, ал экспорттаушы кепіл тапшы жағдайда қаржы тартуға мүмкіндік береді;
  • Экспорттық аккредитивтерді сақтандыру – қазақстандық өнімдер мен қызметтерді сатып алатын импорттаушыларға тиімді шарттармен қаржы шарттарын ұсынады.

Осылайша, ЭКА қолдауы арқылы қазақстандық өндіруші компаниялардың сыртқы нарықтағы саудасы едәуір артады. Сонымен қатар өндірісті кеңейтіп, жаңғыртуға, өнімді қажеттілігі бойынша терең зерттеуге, жаңа технологияларды қолданысқа енгізуге жол ашылады.

Айта кетейік, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Агенттік отандық экспорттаушыларға 142,1 миллиард теңгеге қолдау көрсетті. Биылғы 6 ай қорытындысы бойынша сақтандыру портфелінің көлемі 476 миллиард теңгеге жетті, жобалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі 650 миллиард теңге болды.

  • 30.09.2024
  • 126
Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов

Басқарма төрағасы

Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов

Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика