- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысында Әбілхан Қастеевтің ескерткіші ашылды
Бүгін Жетісу облысының Талдықорған қаласында Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің ескерткіші орнатылды.
Жетісу – қашанда қасиетті өнердің киелі бесігі болған өлке. Осы өңірдің төл перзенттерінің бірі де бірегейі Әбілхан атамыз – қазақ халқының кәсіпқой көркемсурет өнерінің тұма бастауы, тұңғыш суретшісі. Ол сурет өнерінде қарапайым өмір философиясына, ұлттық дүниетанымға арқа сүйеді, сол арқылы туған халқының тарихы мен өмір салтын бейнелеп берді. Өмір қысқа болғанмен, өнер мәңгілік. Қанша ғасыр өтсе де, Әбілхан Қастеевтің есімі тарихта алтын әріптермен жазылып, суретшінің бай мұрасы елдің асыл қазынасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа жете беретіні сөзсіз.
Толығырақ облыс әкімдігінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/860733?lang=kk
- 08.10.2024
- 96