• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысында үздік педагогтар марапатталды

Облыс әкімі Асайын Байханов «Ұлағат-2024» салтанатты іс-шарасына қатысты. Өңір басшысы ұстаздарды құттықтай отырып, Павлодар облысы білім сапасы бойынша әрқашан үздіктердің қатарында екенін атап өтті. - Біздің аймақ сіздер негізгін қалаған білім беру әлеуетімен мақтанады. Бізде таланты мен кәсібилігін оқушыларының жетістіктерімен дәлелдеген көптеген дарынды ұстаздар бар, - деді Асайын Байханов. Өңір қоржынында халықаралық деңгейдегі 30-дан астам медаль бар. Биылғы жылы өңірдің мектеп олимпиадалық құрамасы республикалық олимпиадада жалпыкомандалық есепте 1 орын алып, «Үздік олимпиадалық команда - 2024» атағына ие болды. Өңір басшысы облыс әкімдігінің 20 мыңнан астам педагог жұмыс істейтін білім беру саласына қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті. Соңғы екі жылда облыстың 76 мектебінде 82 пәндік кабинет жаңартылды, 4 мектеп пен қосымша білім беру орталығы ашылды, 66 білім беру нысаны жөнделді. Сондай-ақ, облыс әкімі үздік білім беру жүйесін қалыптастырған педагогикалық еңбек ардагерлеріне де алғысын білдірді. Салтанатты жиында Асайын Байханов 71 ұстазға облыстық және бейіндік наградалар табыс етті. Облыс әкімінің алғыс хаттары мен грамоталары облыстың 10 педагогына табысталды. «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және 1000 АЕК мөлшерінде сыйақымен 11 педагог марапатталды. Оқу-ағарту министрлігі елеулі еңбегі үшін өңірдің 29 мұғалімін Ыбырай Алтынсарин медалімен марапаттады. Білім беру саласының бірқатар қызметкерлері «Облыс алдына сіңірген еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» төсбелгілерін, ҚР оқу-ағарту министрлігінің Құрмет дипломдарын алды. Биылғы жылы «Жыл мұғалімі - 2024» конкурсының облыстық кезеңінде 20 ұстаз сынға түсті. Конкурсқа қатысушылар бейтаныс сыныптарда сабақ беріп, педагогикалық жобаларын қорғады. Нәтижесінде облыстық «Жыл мұғалімі - 2024» конкурсының бас жүлдесін Екібастұз қаласының Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақмарал Есенғожина жеңіп алды. «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» атағы Павлодар қаласының № 8 балабақшасының қызметкері Мақпал Сырымбаеваға берілді. Мараппаттау бағдарламасы оқушылар сарайы мен музыкалық колледж тәрбиеленушілерінің мерекелік концертімен аяқталды.

  • 09.10.2024
  • 89
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика