- Блогтар
- Кульбаев Б.Б.
Кульбаев Б.Б.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры
2020 жыл құрылыста қандай естелік қалдырды?
Құрылыс секторын дамыту бойынша Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік институт 2020 жылғы жұмыс қорытындысын шығарды.
Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты (бұдан әрі – институт) құрылыс ғылымы, цифрландыру, сейсмикаға төзімді құрылыс, баға белгілеу, техникалық реттеу және құрылыс саласындағы халықаралық ынтымақтастық аясындағы қызмет нәтижелерін ұсынды. Институт 2020 жылы Даму жоспары бойынша барлық негізгі көрсеткіштерге қол жеткізді.
Цифрландыру
2020 жылы Қазақстанның құрылыс саласына ақпараттық модельдеу технологиясын енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізгі міндеттері орындалды, оның ішінде:
- Құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясын қолдану бойынша 12 нормативтік-техникалық құжат әзірленді;
- BIM қолдану бойынша 13 халықаралық ISO стандарты бейімделді;
- BIM-бағдарланған жіктеуіш әзірленіп, дамытылуда және портал іске қосылды (www.eskks.kazniisa.kz).
Ақпараттық модельдеу бойынша пилоттық жобалар іске асырылды.
Құрылыс саласының нормативтік құжаттарын цифрландыру басталды, 2020 жылы 36 норматив цифрландырылды.
Баға белгілеу
Өткен жылы ҚР құрылысындағы баға белгілеу жүйесін реформалау бойынша жұмыс жалғасын тапты.
Ресурстық әдіс енгізілген сәттен бастап 2015 жылы 233 технологиялық картаның негізінде 1100-ден астам жаңа сметалық нормалар, сондай-ақ 400-ден астам нормативтік құжаттар әзірленді, оның ішінде 2020 жылы 207 жаңа сметалық нормалар әзірленді.
Өткен жылы Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА тапсырысы бойынша (Қарабатан және Тенгиз учаскелері) іске қосу және жөндеу жұмыстарының құнын анықтау және негізгі технологиялық жабдықтар бойынша іске қосу және жөндеу жұмыстарына сметалық нормаларды әзірлеу бойынша қызмет көрсету жобасы аяқталды.
Сондай-ақ, 2020 жылы «Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін салу» жобасының сметалық құжаттамасын талдау және бірегей технологиялық жабдықты монтаждауға арналған технологиялық карталар мен сметалық нормаларды әзірлеу бойынша кешенді техникалық қолдау қызметтері басталды.
Техникалық реттеу
2020 жылы Еурокодтарға (Құрылыстағы еуропалық стандарттар) толық көшуге байланысты жалпы құрылыс мәселелері (жоспарлау, инженерия және т. б.), сондай-ақ есептеу және жобалау бойынша 256 ҚНжЕ жойылды.
Қазақстан Республикасының құрылыс ережелері сияқты Алматы қаласы үшін аса маңызды «Сейсмикалық шағын аудандастыруды есепке ала отырып, Алматы қаласының аумағында құрылыс салу» нормативтік құжаты әзірленіп, қабылданды.
«Инженерлік коммуникацияларды көлденең бағытталған бұрғылаумен төсеу» Қазақстан Республикасының құрылыс ережелері әзірленді.
Ұйымдардың өтініштері бойынша ұлттық қосымшалары бар Еурокодтарды қолдануды талдау бойынша жұмыс жалғасуда
(Еурокодтар мен ұлттық ұсыныстарды, нормативтік-техникалық құралдарды түзету жөніндегі ұсыныстар уәкілетті органға қарауға және бекітуге жіберілді).
Сейсмикаға төзімді құрылыс
2020 жылы институт мамандары «Modex» зауытының көлемді блоктарын Қазақстан үшін бірегей сынаулардан өткізді. Көлемді блоктарды пайдалану Қазақстанның құрылыс саласын түбегейлі өзгертпек: көлемді блоктарды пайдалана отырып, 16 қабатты тұрғын үй салу үшін бар болғаны 4 ай қажет болады.
Сонымен қатар, 2020 жылғы маңызды жобалардың бірі Алматы қаласының Зерделі шағын ауданындағы 31 тұрғын үйді техникалық тексерудің аяқталуы болып табылады. Қисайған үйлерді түзеу бойынша ұсыныстар берілді, 2020 жылы 1/179-үйдің тіктігін қалпына келтіру жүзеге асырылды. 2021 жылы жұмыстар жалғасады деп жоспарлануда.
62 арнайы техникалық шарт (АТШ) әзірленіп, техникалық жай-күйі туралы 257 қорытынды берілді. 3 вибродинамикалық стендтік сынау өткізілді.
Ғылым
2020 жылдың желтоқсанында ғалымдар ҚР БҒМ гранттары бойынша құрылыс саласындағы 3 жылдық ғылыми зерттеулерді аяқтады. Алғашқы ғылыми жұмыс барысында институттың ғылыми қызметкерлері Алматыдағы жер сілкіністерінің аспаптық жазбаларына талдау жүргізіп, мегаполис үшін сейсмикалық қатерді азайту бойынша ұсыныстарды әзірледі. Екінші ғылыми зерттеу еуропалық тәжірибенің негізінде ҚР-дағы ғимараттардың энергия тиімділігін анықтау әдістемесін әзірлеуге арналды.
Жұмыс нәтижелерін іс жүзінде қолдану жоспарлануда.
Инвестициялық жобалар
2020 жылдың қараша айында Қазақстанның автоөнеркәсібі үшін айтулы оқиға болды – Алматы қаласында «Hyundai» жеңіл автомобильдерін шығаратын зауыт іске қосылды. Зауыттың бас жобалаушысы институт мамандары болды.
«500 орынға шақталған студенттік жатақхана» және «150 орынға шақталған мүгедектерді оңалту орталығы» 2 үлгілік жобасы әзірленді.
Халықаралық ынтымақтастық
2020 жылдың тамыз айында Қазақстан Халықаралық сейсмикаға төзімді құрылыс қауымдастығына кірді. Қазақстан Республикасының атынан Ұлттық делегат мәртебесі «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ға берілді.
2020 жылдың қараша айында Қазақстан ұсынған Құрылыстағы жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесін (ҚЖКБЖ) ТМД елдерінің Құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық кеңесі мақұлдады. ҚЖКБЖ әзірлеумен институт мамандары айналысты.
Институт мынадай жобаларды әзірлеуге қатысты:
1. «Құрылыстағы ақпараттық модельдеу. Ақпаратты жіктеу және кодтау қағидаттары» мемлекетаралық стандарты.
2. «Жобалау кезеңіндегі объектінің ақпараттық моделі» мемлекетаралық стандарты.
2020 жылы «Қырғызстанда дүлей зілзалалар қатерлеріне төзімділікті арттыру» жобасын әзірлеу бойынша конкурсқа қатысты.
2020 жылғы 25 желтоқсанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сейсмикалық құрылыс саласындағы Базалық ұйымының екінші отырысы онлайн пішімде өткізілді. ТМД-ның барлық елдері үшін сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы нормалардың бірыңғай моделін енгізу жөніндегі Қазақстанның ұсынысы қаралды.
- 16.02.2021
- 262