• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Екі елдің министрлері Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Аида Балаева Төраға Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары және оның ШЫҰ Мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысуы елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынасқа жаңа серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ Қытай тарапын Астанадағы Қытай мәдени орталығының сәтті тіркелуімен құттықтады.

«Қазақстан мен Қытай үшін мәдени орталықтардың ашылуы айтулы оқиға болатындығын айта кету маңызды. Осы бағыттағы өзара байланыс болашақта тек қарқынды түрде дамып, екі ел халқы үшін оң нәтиже береді. Бұл мәдени алаң халықтарымыздың бір-біріне жақын болуына мүмкіндік береді деп сенемін», – деді Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.

Сондай-ақ кездесу барысында Аида Балаева ҚР МАМ-ның архив саласында, Қытайдағы Қазақстанға қатысты тарихи құжаттар мен жәдігерлерді қайтару бойынша ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі бірлесе қызмет етуге әзір екенін жеткізіп, бағдарлама бойынша келіскеннен кейін Қытай тарапы дереу жұмысқа кірісіп, тиісті органдарға құжаттар тапсыратынын баса айтты.

«Елдеріміздің мәдени ынтымақтастығы халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуда шешуші рөл атқарады. Біз бірлескен мәдени жобалар мен бастамалардың үлкен әлеуетін көріп отырмыз», - деді Сунь Ели.

Кездесу соңында тараптар бүгінгі басқосу елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға тағы бір қадам болатынына сенім білдірді.

 

 

 

  • 10.10.2024
  • 80
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика