• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Өңірдегі Қоғамдық кеңестің алдында есеп бердім

Қоғамдық кеңестің отырысында  2020 жылдағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2021 жылға арналған міндеттер туралы баяндадым. Биылғы жылы алға қойылған стратегиялық міндеттерді орындау мақсатында Алматы облысы аумақтарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы әзірленгенін атап өтті. Сол сияқты халықтың кірісін арттыруға ықпал ететін экономиканы дамытудың жоғарғы қарқынын сақтау, инвестиция тарту ісі негізгі міндеттердің қатарында.

АӨК саласында ет, сүт, май, көкөніс пен жеміс-жидек өңдеуге қатысты ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Соның арқасында биылғы жылдың қорытындысында ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 1 трлн. теңгеге жетеді, бір адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 2,8 млн. теңгені құрайды.

Шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау жалғастырылады. Бүгінгі күні облыста індетке байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан шағын және орта бизнес субъектілерінің саны азайған жоқ. Облыста 262 мың адам жұмыс істейтін 123 мың кәсіпорын жұмысын жалғастыруда. "Жұмыспен қамту жол картасы" және "Еңбек" бағдарламалары аясында 4 мың кәсіпкер 15 млрд. теңге көмек алды.

Сол сияқты дағдарысқа қарсы жоспар шеңберінде бизнестің 119 мың субъектісі салықтық ынталандыру алды, 641 субъектіге 24 млрд теңгеге несиелер төлемін кейінге шегеруге мүмкіндік берілді. 6,5 мың жалға алушыларға жалға алу төлемі 30%-тен 90%-ке дейін төмендетілді.

Тұрғын үй көлемін арттырудың жоспарланған шаралары туралы айттым. Тек өткен жылдың өзінде 2 395 отбасы үйлі болды, соның ішінде 1 258 көп балалы және әлеуметтік әлжуаз отбасылар баспанаға ие болды. Бұл ретте 180 үйді меценаттар алып берді.

Үш ауысымда оқытуды болдырмау, Мектепке дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру, медициналық қызмет сапасын жақсарту жұмыстары жалғасады. Үш ауысымда оқытуды болдырмау мақсатында Үкіметтің қолдауымен соңғы бес жылда 27 мың орындық 49 мектеп салынған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

Инфрақұрылымды дамыту ісіне де кеңінен тоқталып өтті. Сол қатарда өңірді газдандыру, жол жөндеу, шағын қалалардағы көп қабатты үйлерд газбен жұмыс істейтін блокты-модульді қазандықтар орнату жолымен орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу, орталықтандырылған ауыз сумен қамту жайлы да айтып берді.

Әлеуметтік салаларды дамыту жайлы баяндай келе, Амандық Баталов бұл саланың мәселелерін шешуге бюджет шығыстарының 55%-тен астамы бағытталып отырғанын тілге тиек етті.

Мәселен, індет кезінде халықты қолдау мақсатында "Еңбек" бағдарламасын қаржыландыру көлемі 16 млрд. теңгеге арттырылды. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 34,5 мың жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған азамат тартылды.

Мәдениет, спорт салалары да назардан тыс қалған жоқ. Мәселен, "Жұмыспен қамтудың жол картасы", "Ауыл - ел бесігі" бағдарламаларының арқасында 18 ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жасалды. Сол сияқты Карасай ауданы Райымбек ауылында, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында, Көксу ауданы Балпық би ауылында 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Жалпы соңғы бес жылда 11 ДСК салынды, биылғы жылы тағы бесеуі тұрғызылады.

Кездесу онлайн және офлайн режимде өтті.

  • 16.02.2021
  • 231
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика