• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ұранхаев Н.Т.
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Өңірлік кадр резервінің мүшелерімен кездестім

Өңірлік кадр резервінің іріктеуінен өткен жастармен кездестім.  Еркін форматта өткен кездесуде  әрбір жас маманмен жақын танысып, алға қойған жоспарлары, мақсаттары жайлы сұрап білдім.

Жастар кадрлық резерві Президент бастамасымен 2019 жылы құрылған болатын. Нәтижесінде көптеген жастар мемлекеттік қызметке келуіне жол ашылды.
 

Биыл біздің облыс бойынша резерв құрамына кіріп, бақтарын сынау үшін 398 адам ниет білдірді. Соның 25-і барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, өңірлік кадрлық резерв құрамына өтті. Резервте тұрған уақытта сіздер таңдап алған бағыттарыңыз бойынша ұсынылған лауазымдарға конкурс немесе тестілеуден өтпей-ақ бірден орналаса аласыздар. Бұл - үлкен мүмкіндік.



Қазірдің өзінде өңірлік резервте тұрған 25 адамның екеуі басшылық қызметтерге тағайындалды. Олардың бірі облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып бекітілсе, екіншісіне Жарма ауданы әкімі аппаратының қаржы шаруашылық бөлімінің басшысы лауазымы сеніп тапсырылды.

Кездесуде сөз алған жас мамандар мемлекеттік қызметке не үшін барғысы, облысымыздың дамуына қалай үлес қосқысы келетіндіктері туралы ой бөлісті. Бір атап өтерлігі, өңірлік кадр резервіне басқа өңірлерде басшылық қызметттерде еңбек етіп жүрген жастар да қатысып, іріктелген.
 

«Қазіргі таңда Алматы қаласы, Алатау ауданы әкімдігінің аппаратында жұмыс істеймін. Өңірлік кадрлық резерв қатарына енгеніне қуаныштымын. Абай облысы – ата-анамның туған жері. Елге барып қызмет еткім келеді. Соның ішінде экология саласында еңбек етіп, пайдамды тигізсем деймін»,- деді кездесуге «Zoom» желісі арқылы қатысқан Жаудат Жұманов.



Сондай-ақ жастар аймақ басшысына өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Кездесуге қатысқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Дәулетқалиев облыс әкіміне өңірлік кадр резерві жобасын ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

  • 14.10.2024
  • 57
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

Ұранхаев Н.Т.
(Мұрағат)

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика