• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ұранхаев Н.Т.
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Абай облысында өрт сөндірушілер мен орманшыларға ескерткіш ашылды

Абай облысында орман өртімен күресте қаза тапқан өрт сөндірушілер мен орманшыларға ескерткіш ашылды. Ашылу салтанатына облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, қаза тапқан орманшылардың туыстары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты. Шарада батырлардың құрметіне гүл шоқтарын қою рәсімі де өткізілді.

Ескерткіштің авторы — мүсінші Нұрбол Қалиев. Гранит тұғырға орнатылған сегіз метрлік ескерткіш тілсіз жауға қарсы тұрған «Семей Орманы» резерватының батыл орманшыларының рухына тағзым іспеттес. Қоладан жасалған ескерткіш қаза тапқандардың батылдығы мен өз істеріне деген адалдығын бейнелейтін рельефтермен безендірілген.

Ескерткіштің ашылуында жерлестеріміздің ерлік даңқы өшпейтіндігін ерекше атап өттім.
 

Қара орманды қадірлеп, батылдық пен батырлықтың жарқын үлгісін көрсеткендер ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Бұл тұғыртас табиғаттың тосын мінезіне төтеп берген азаматтардың атын әйгілеу үшін арнайы қойылып отыр. Есімдері тарих тақтасына алтын әріппен жазылып, ұрпағы мақтан етер жерлестерімізге, біз, қашанда басымызды иеміз.



Шарада қаза тапқан орманшылардың туыстары сөз сөйледі. Солардың бірі Арай Әмірханова ескерткіш батырларға құрмет екенін атап өтті.
 

«Ашылған ескерткіш бейбіт күннің батырларына көрсетілген құрмет деп есептеймін. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауды сол қайғылы күннен бері сезініп келеміз. Бірі жарынан, бірі ұлынан, бірі аға-бауырынан айырылған қайғылы жағдайды ел болып бірге өткердік. Бүгін міне еңселі ескерткіш орнатылды. Алғаш рет бізбен кездескенде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы барлық көмекті аласыздар деп айтқан болатын. Президентімізге қолдау көрсетіп, көмек қолын созғаны үшін зор алғыс білдіремін. Барлық көмекті алдық, оған мың да бір алғыс» - деді Арай Әмірханова.



Ескерткіш Бородулиха ауданындағы Камышенка орманшылығының маңы мен республикалық күре жолдың бойында орналасқан. Бұл батылдық пен адалдықтың мәңгілік символына айналып, өз халқының қауіпсіздігі мен табиғатты қорғау үшін өзін құрбан еткендерді еске салады.

  • 14.10.2024
  • 64
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

Ұранхаев Н.Т.
(Мұрағат)

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика