• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ұранхаев Н.Т.
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақсуат ауданында гемодиализ орталығы ашылады

Ақсуат ауданының тұрғындары алдында есеп беру кездесуін өткіздім. Кездесу барысында атқарылған жұмыстарға тоқталып, тұрғындар тарапынан түскен көкейтесті сауалдарға жауап бердім. Сондай-ақ азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдадым.
 

Ақсуат – экономикасы мал шаруашылығына негізделген өңірлердің бірі. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің арқасында аудан облыстың агроөнеркәсіптік секторында ерекше орын алады. Ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің үлесі облыстың жалпы көлемінің 8,2 пайызын құрайды. Жалпы, ауданды дамыту жұмыстары үздіксіз жүруде. Жолдарды жөндеу, жаңа әлеуметтік нысандарды құру және инфрақұрылымды жақсарту жобалары алдағы жылдары да жалғасын табады. Ақсуат алға нық қадам басып, өмір сапасын жақсартуға бағытталған жоспарлар нақты нәтиже беруде.

Ауданда инфрақұрылымды жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Қарағанды-Аягөз-Боғаз-Кіндікті» автожолын орташа жөндеу жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ гемодиализ орталығы мен жүктілік патологиясын ерте диагностикалау орталығын ашу жоспарлануда.

Медициналық инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында тоғыз жаңа медициналық мекеме салынуда. Үштөбе ауылында дәрігерлік амбулатория, Екпін, Кіндікті ауылдарында фельдшерлік пункттер салынуда. Алдағы уақытта Мүрсәлім, Қызылжұлдыз, Көктүбек және басқа ауылдардағы фельдшерлік пункттерді заманауи жабдықтау жұмыстары аяқталады.

Жол құрылысы саласында да оң өзгерістер бар. Жолдың Кіндікті ауылына апаратын бөлігіне 7,5 шақырым жаңа асфальт төселді. Ақсуат ауылындағы Т.Қалмақбаев көшесіне 3,1 шақырым жаңа жол төсемі төселіп, жұмыс аяқталды. Қызылжұлдыз және Ойшілік ауылдарына кіре берістегі жолдарды жөндеу жұмыстары да аяқталды.

Сонымен қатар, есеп беру соңында азаматтарды жеке қабылдап, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар бердім. Жеке қабылдауға жазылған тұрғындар электрмен жабдықтау, жарықтандыру, тұрғын үй, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмысқа орналастыру, АӘК және т.б. мәселеге байланысты сауалдарын қойды. Аудан басшылығы мен жауапты басқармаларға көтерілген мәселелерді шешу үшін тиісті тапсырмалар бердім.

2023 жылы ауданда екі мәрте  – халықпен кездесіп, есеп берген болатынмын. Сол кездесулерде 11 адамнан 17 сұрақ, жеке қабылдауларда 26 азаматтан 27 сұрақ түскен. Аталған мәселелердің басым бөлігі оң шешімін тапты. Енді біріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Барлық мәселелер жеке бақылауымда.

  • 14.10.2024
  • 66
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

Ұранхаев Н.Т.
(Мұрағат)

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика