• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин жұмыс сапарымен Павлодар облысында болып қайтты

Серік Жұманғарин 1 200 бас голштино-фриз тұқымды ірі қараға арналған «Аgro-Trade PV» ЖШС сүт-тауар фермасына барды. Бұл мемлекеттің қолдауымен құрылған облыстағы жылына 4 млн. литр шикі сүт өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі. Сондай-ақ, шаруашылық 1700 га суармалы жерде картоп, жүгері, жоңышқа, жемшөп дақылдарын өсіріп, өзін азықпен қамтамасыз етіп отыр.
Вице-премьерге өңірдің АӨК әлеуеті туралы баяндалды. Осы жылдың 9 айы ішінде ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 294,1 млрд. теңгені, НКИ - 112,8% құрады. Облыс соңғы бірнеше жыл ішінде салаға тартылған инвестициялар көлемі бойынша республикадағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Жыл басынан бері 157,5 млрд. теңге инвестиция салынып, өсу қарқыны 2 есеге ұлғайды. 13 млрд. теңгеге 12 инвестициялық жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 34,4 млрд. теңгеге 20 жоба іске асырылуда.
 Бүгінгі таңда өңірде картоп 100% жиналды, дәнді және зәйтүн дақылдарын жинау науқаны аяқталуда. Орташа өнімділігі 12 ц/га құраған 1,1 млн. тонна астық жиналды. 6 элеваторға 38,3 мың тонна астық түсті. Күзгі-дала жұмыстарын жүргізуге 30,7 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылдан 1,9 мың тоннаға артық.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында суармалы жерлердің көлемін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда суармалы жерлердің аумағы 174,1 мың га құрайды, оның ішінде 78 мың га алқапта су үнемдеу технологиялары қолданылады.
Облыс әкімі Асайын Байханов жыл сайын суармалы жерлердің көлемін 10 мың гектардан астам ұлғайту үшін орталық мемлекеттік органдардың қолдауы және су көздерінен 10 км-ге дейінгі қашықтықта орналасқан алқаптарға инженерлік инфрақұрылым құрылысын қаржыландыру бойынша жеке бағдарлама қажет екенін атап өтті.

Серік Жұманғарин бұл ұсынысты қолдап, бейінді министрлікке Ертіс өзені мен Қ. Сәтбаев арнасының болуын ескере отырып, өңірдің әлеуетін пайдалану мәселесімен айналысуды және суармалы жерлердің жалпы көлемін 200 мың гектарға дейін ұлғайтуды тапсырды.

Жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары Павлодар ауданының Кеңес ауылдық округінде өңірдің фермерлерімен кездесті.
Аграршылармен кездесуде вице-премьер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, биылғы астықтың баға саясатын, субсидиялауды, өткізу ауқымын кеңейтуді талқылады

Фермерлер «Кең дала» бағдарламасы үшін алғыстарын айтып, көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыруды және басым дақылдарды жеңілдікпен несиелеу және субсидиялау мерзімдерін ұлғайту қажеттігін атап өтті.
 
Одан кейін Серік Жұманғарин жылына 10 мың тонна макарон өнімдерін өндіретін «Кэмми Group» ЖШС-де болды. Кәсіпорын 150-ден астам өнім түрлерін өндіреді.
Сондай-ақ, Павлодарда вице-премьер Lactalis Kazakhstan (сауда маркасы «FOOD MASTER» ) Француз компаниялар тобының бөлігі болып табылатын өңірдің ірі сүт өнімдерін өндіретін «Сут» АҚ кәсіпорнының қызметімен танысты.
2023 жылы кәсіпорын кеңейтілді. Биыл сүт өндіру бойынша қосымша желі іске қосылды, дайын өнім қоймасы салынды. Инвестиция сомасы 2,15 млн. еуроны құрады. Өндіріс үшін сүтті өз фермасынан, «Киров» ЖШС-нен, сондай-ақ, басқа да сүт-тауар фермаларынан, ШҚ және ауыл шаруашылығы кооперативтерінен сатып алады. Бұл өңір фермерлері үшін тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді.
 

  • 16.10.2024
  • 88
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика