• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысында негізгі макро көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады

Облыс әкімдігінде әлеуметтік-экономикалық даму, 9 ай ішінде бюджетті игеру қорытындылары шығарылды, сондай-ақ, өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру мәселелері талқыланды.
 Өңірде 2024 жылдың 3 тоқсанында барлық базалық макро көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалды. Өнеркәсіп өнімі 2,5 трлн. теңгеге өндірілді - 103,1%. Өңдеу секторында 8,1% өсімге қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығының көлемі 12,7% - 294,1 млрд. теңгеге ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдан 12,8%-ға артық. Өңір экономикасына 708,9 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсу қарқыны 127,8% құрады.
 Облыс әкімі Асайын Байханов барлық макро көрсеткіштер бойынша оң динамика тұрақты түрде сақталып тұрғанын атап өтті.
- Жыл соңына дейін 2,5 ай қалды, әкімдер барлық макро көрсеткіштерді орындау үшін барлық ресурстарды жұмылдыруы қажет. Біздің міндетіміз - экономиканың өсу қарқынын барынша сақтау, - деді өңір басшысы.
 2024 жылғы 1 қазанда облыстық бюджеттің кірісі 266 млрд. теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда кірістердің өсімі 115,3%.
9 ай ішінде бюджетті игеру бойынша жалпы республикалық рейтингте облыс 2 орында тұр. Жергілікті бюджет қаражаты 100% игерілді.
 Сонымен қатар, жиналыста өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру қорытындылары қаралды. 9 айдың ішінде облыста 23 мың адам жұмысқа орналастырылды немесе 86,3%.
 «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру» көрсеткішін орындау 84,8% құрайды. Субсидияланатын жұмыс орындарына (жоспар бойынша 6617 адам) 6946 адам жұмысқа орналастырылды (104%). Индикатор облыстың барлық қалалары мен аудандарымен орындалды.
 Асайын Байханов Павлодар мен Ақсу қалаларында бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу көрсеткішінің төмендеуіне, сондай-ақ, білім берудің инфрақұрылымдық жобаларында жұмысқа орналасудың төмен пайызына назар аударды. 2024 жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде «2024 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасының» жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ, жиналыста облыс әкімі 19 қазанда жалпы облыстық сенбілік өткізілетіні туралы хабарлады.
- Облыс тұрғындарын жақсы дәстүрге айналған күзгі сенбілікке қатысуға шақырамын. Ортақ үйімізді қыс мезгіліне дейін бірге тазартайық, - деді өңір басшысы.
 Аудан әкімдеріне аумақтарды жинау мен көгалдандыруды сапалы ұйымдастыру тапсырылды.
 

  • 16.10.2024
  • 95
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика