- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Жыл басынан бері Жетісудағы Панфилов ауданының экономикасына 30 млрд. теңге инвестиция тартылды
Жетісу облысындағы негізгі экономикалық өсу нүктелерінің бірі – Қорғас торабы. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі дамытудың маңызды элементі, әрі объектілер кластері болып отыр. Атап айтқанда, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында 2023 жылдан бастап 2,2 миллионнан астам адамға қызмет көрсетіліп, 36,3 мың тонна жүк тасымалданған. Осы ретте Панфилов ауданының шекаралық маңда орналасуы ауданның инвестициялық тартымдылығына және дамуына оң ықпал етеді.
Аудан – Қытаймен шекаралас жатқан аймақ болғандықтан, инвестициялық жағынан тартымды өңір. Жыл басынан аудан экономикасына 14,9% өсіммен 28,8 млрд. теңге инвестиция тартылса, соның
59,1%-ы немесе 17 млрд. теңгесі бюджеттен тыс инвестицияға тиесілі. Бүгінгі күні биылғы жылға жоспарланған 12 жобаның 9-ы жүзеге асырылды.
Толығырақ облыс әкімдігінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/866508?lang=kk
- 17.10.2024
- 42